Түркістанда аттың кесірінен жол апаты орын алды: 3 адам мерт болды

cover

Түркістан облысында жылқының кесірінен жол апаты орын алды. Бір отбасының үш бірдей мүшесі мерт болды.

Бұл туралы Orda.kz. Облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлады.

Оқиға орнында түсірілген бейнежазба әлеуметтік желіде тарап кетті. Жүректері әлсіз адамдар қарамасын !

Полицияның мәліметінше, жол апаты 3 сәуірде сағат 20.30 шамасында Самара-Шымкент тас жолында болған. Шымкент қаласының тұрғыны Toyota Camry 50 автокөлігімен Түркістаннан Шымкент бағытында келе жатып, жолдың сол жағынан атып шыққан атты қағып кеткен.

– Жол-көлік оқиғасы салдарынан үш адам оқиға орнында қайтыс болды: күйеуі мен әйелі және олардың кәмелетке толмаған немерелері.

Қайтыс болған ерлі-зайыптылардың күйеу баласы, дене жарақаттарымен Шымкент қалалық ауруханасының жансақтау бөліміне жеткізілді, - деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Бұл факт Ордабасы РПО-да ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы «Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы» бойынша тіркелді.

Іс бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар