Сурдлимпиада чемпионы Фархад Қыстаубаев өмірден өтті

cover Фото: Instagram/ ruslanesenalin

Қазақстандық спортшы, 2022 жылғы жазғы Сурдлимпиада ойындарының чемпионы Фархад Қыстаубаев қайтыс болды, деп хабарлайды Orda.kz. 

Қаралы хабарды спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасы, туризм және спорт министрлігінің өкілі Руслан Есеналин Instagram парақшасында жазды.

«Бүгін қазақ спорты қара жамылды. 2022 жылғы жазғы Сурдлимпиада ойындарының чемпионы Фархад Қыстаубаев өмірден озды. Оның отбасы мен жақындарына, туыстарына және спорт қауымдастығына шын жүректен көңіл айтамын» деп жазды ол.

Еске сала кетейік, Фархад Қыстаубаев XXIV жазғы Сурдлимпиада ойындарында алтын медаль жеңіп алған еді. Бұл ойындар Бразилияның Кашиас-ду-Сул қаласында өтті. Ондық додада ол 5400 ұпай жинап, бірінші орынға ие болды. 

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар