Стамбұл Газа секторында геноцид жасады деген айыппен Нетаньяхуды қамауға алуға ордер шығарды

cover Фото: UK Government / Wikimedia Commons, CC BY 2.0

Стамбұл бас прокуратурасы тағы 36 жоғары лауазымды израильдік шенеунікті қамауға алуға ордер берілгенін хабарлады. Олар Газадағы геноцид пен адамзатқа қарсы қылмыс жасады деп айыпталды, деп жазады Orda.kz.

Айыпталушылардың қатарында қорғаныс министрі Исраэль Кац, ұлттық қауіпсіздік министрі Итамар Бен-Гвир және Бас штабтың бастығы Эяль Замир бар.

«Израильдің бүгінгі күнге дейін Газада жүйелі түрде жасаған геноциді мен адамзатқа қарсы қылмыстарының нәтижесінде мыңдаған адам, соның ішінде әйелдер мен балалар қаза тапты, мыңдаған адам жарақат алды, көптеген қоныстар қирады» деп жазылған Стамбұл Бас прокуратурасының мәлімдемесінде. 


Израильдің «Бостандық флотилиясына» қатысты іс-әрекеттері де атап өтілді, олар ел басшылығы қазан айында гуманитарлық көмек жеткізуге ниеттенген кемені Газаға барар жолда тосқауылдаған болатын. Флотилия кемелерінің бірінің бортында швед экобелсендісі Грета Тунберг болды.

 Израиль басшылары Түркиядан тыс болғандықтан, Стамбұл қылмыстық соты оларды сырттай қамауға алу туралы қаулы шығарды.

2024 жылы Халықаралық қылмыстық сот Израиль премьер-министрін әскери қылмыс жасады деген айып бойынша қамауға алуға ордер берген еді.

9 қыркүйекте Израиль билігі Катар астанасы Дохада әскери операция жүргізді. Израиль ХАМАС ұйымының басшылығына авиациялық соққы жасалғанын хабарлады. ҚР СІМ мәліметінше қазақстандықтар зардап шеккен жоқ.

Алматыға FlyDubai әуе компаниясының 13 маусымда Дубайдан ұша алмаған ішінде қазақстандықтар бар екі рейсі қонды.  Таяу Шығыстағы жағдайдың шиеленісуіне байланысты бірнеше авиакомпания рейстерді тоқтатқан болатын. 


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар