Сот залының терезесін шағып, есігін тепті: Сотталушылардың жақындары сот үкіміне наразы
Фото: Orda.kz
Талдықорғанда өтіп жатқан 16 жасар Шерзат Полаттың өліміне қатысты сот ісі аяқталды. Судья Ержан Жанұзақов сотталушыларға прокурор сұраған жазаны тағайындады. Сот үкімі оқылған соң, наразы болған сотталушылардың жақындары сот залының есігін теуіп, айқай шығарды, деп хабарлайды Orda.kz.
Бүгін еліміздегі ең атышулы қылмыстық іске Талдықорған қаласында үкім оқылды. Басты күдікті Абзал Шынасылға 23 жыл жаза тағайындалды. Равиль Сакиев 20 жыл, Дидар Қалиахмет – 293-баптың 3-бөлігі – 7 жыл, Нұрбол Тоқтаубаев – 293-баптың 3-бөлігі – 7 жыл, Дархан Әскентай – 293-баптың 3-бөлігі – 7 жыл, Шыңғыс Белғожаев – 293-баптың 3-бөлігі – 7 жыл, Нұрқияс Ілиясов – 293-баптың 3-бөлігі – 9 жыл, Азамат Тоқтаубаев – 293-баптың 3-бөлігі (бұзақылық), 188-бап (ұрлық) бойынша – 15 жыл, Думан Ысқақ (кәмелетке толмаған) – 434-бап (ауыр қылмыс туралы хабарламау) – 1 жыл 6 ай бас бостандығынан айырылды.
Сотталушылардың жақындары сот залының есігін теуіп, айқай шығарды. Сотталушылар өздері отырған орынның әйнегін сындырып, есігін теуіп, наразылық білдірді. Олардың ата-аналары мен жақындары осыдан кейін өре түрегеліп, айқайға басты. Кейбірі есінен танып, жедел жәрдем шақыруға тура келді.
«Қаржаубай сотталсын! Әділдік! Абзал! Қаржаубайды қамасын!», — деген айқайлар шықты.
Сотталушылар да олардың жақындары да шыққан үкімге наразы.
Orda.kz тілшісіне Жансерік Маратбек Тоқтаубайұлы, Азамат пен Нұрболдың әкесі сөз бостандығы бар екенін атап өтіп, төбелесті ұйымдастырған Қаржаубай деді.
«Балаларды жинаған – Қаржаубай. Мылтықты әкелген де – Қаржаубай. Қазір сөз бостандығы бар. Төбелесті ұйымдастырған – Қаржаубай. Отқа май құйған да Қаржаубай. Егер шынымен мықты болса – неге сотқа қатыспады? Онлайн қатысып. Таза болмағанан кейін сотқа қатыспады қашып», — деді Жансерік Маратбек.
Айта кетейік, сот үкімді оқыған соң, неге прокурорлардың сұраған жазасын бергенін түсіндіріп шыққан болатын.
Бұл оқиға қазақ қоғамын дүр сілкіндіріп, қызу талқыға түсті. Оқиға былтыр Талғарда 4 қазан күні болды. Бір топ адам,оның ішінде осы сотталушылар дүкен иесі Қаржаубаймен, ұлы Шерзатпен және ағасы Нұрғанатпен жанжалдасып, арты кісі өліміне ұласты. 16 жасар Шерзат қаза болды.
9 желтоқсан күні таңертең жасөспірім Шерзат Полаттың ағасы Нұрғанат Ғайыпбаевтың денесі марқұм Шерзаттың зиратының қасынан табылды. 12 қазан күні Азат ауылындағы марқұм болған Шерзаттың отбасының үйі өртеніп кетті.
Жаңалықтар
- Сәденов Тоқаевқа елдегі қылмыс деңгейі төмендегенін айтты
- Алматыда 14 жасқа дейінгі балалар арасында қызылша өршіп тұр
- Ирандағы соғыс жағдайына басқа мемлекеттердің реакциясы қандай?
- 2026 жылы алты жаңа бағытта ақылы жол іске қосылады
- Қазақстанға гүлдер қай елдерден әкелінеді?
- Қазақстан азаматтарын эвакуациялау бағыттары нақтыланды
- Мемлекет басшысы Болгария президентін Азат ету күнімен құттықтады
- Трамп АҚШ-тың мәңгі соғысуға жететін оқ-дәрісі бар екенін айтты
- Иранда не болып жатыр: Соңғы жаңалықтарға шолу
- Дубайдан шығамыз дегендерге 1000 долларлық «қақпан»: Алаяқтар туристерді алдап жатыр
- Мексикалық наркобарон соңғы сапарына алтын табытпен аттанды
- Түркістан облысында бойжеткен айналдырған 15 минутта көлігімен екі бірдей оқушыны басып кетті
- Ақтөбеде жанармай құю бекетінде жарылыс болды
- Жаңа заң: Сталкер деген кім және ол қалай жазаланады?
- Тоқаев мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасарын ауыстырды
- Bulgaria Open-2026: Спортшыларымыз елге 11 медаль әкелді
- 3 және 4 наурыз күндері Сауд Арабиясынан Қазақстанға алғашқы эвакуациялық рейстер болады
- Сыртқы істер министрлігі Иран халқына көңіл айтты
- Нетаньяхудың тағдыры әзірге белгісіз: Ислам революциясы сақшылар корпусы таратқан мәлімдемелер шындыққа жанаспай жатыр
- Қазақстан халқының саны кезекті межеден асты