Соғыстың 12-күні: Иран көмек сұрай бастады, Трамп соғысты аяқтау туралы айтты
Сурет ЖИ көмегімен жасалған
Таяу Шығыстағы жағдай күн сайын шиеленісіп барады. Израиль мен АҚШ-тың Иранға қарсы әскери операциясы аймақтағы қауіпсіздікке ғана емес, әлемдік экономика мен энергетика нарығына да әсер ете бастады. Кейінгі күндері бірқатар маңызды оқиғалар тіркелді. Orda.kz тілшісі шолу жасайды.
Соғыс жалғасып жатыр, бірақ оның аяқталуы туралы пікірлер әртүрлі
АҚШ президенті Дональд Трамп Axios басылымына берген қысқа сұхбатында Иранмен соғыс «жақын арада аяқталуы мүмкін» екенін айтты. Оның сөзінше, әскери операция барысында негізгі нысандардың көпшілігі жойылған.
Алайда АҚШ пен Израильдің ресми өкілдері соғыс қимылдарының нақты қашан аяқталатыны туралы ешқандай нұсқау берілмегенін мәлімдеді. Израильдің қорғаныс министрі Исраэль Кац әскери операция «уақыт шектеусіз» жалғасатынын айтты. Израиль мен АҚШ шенеуніктері кемінде тағы екі апта бойы Иран аумағына соққы жасалуы мүмкін екенін хабарлады.
Мұнай нарығы дағдарыс алдында
Аймақтағы шиеленіс әлемдік мұнай нарығына тікелей әсер етті. Ормуз бұғазы арқылы мұнай тасымалы күрт қысқарып, экспорт көлемі соғысқа дейінгі деңгейдің 10 пайызына дейін төмендеген.
Осы жағдайға байланысты Халықаралық энергетикалық агенттікке (МЭА) мүше 32 мемлекет стратегиялық қорлардан 400 миллион баррель мұнай шығаруға келісім берді. Бұл – тарихтағы ең ірі мұнай резервін пайдалану шарасы.
Сарапшылардың айтуынша, бұл қадам мұнай бағасының күрт өсіп кетуін және энергетикалық дағдарысты болдырмауға бағытталған.
Ормуз бұғазындағы қауіп күшейді
Сәрсенбі күні Ормуз бұғазында бір контейнерлік кеме мен екі жүк кемесі атқылауға ұшырады. Тайланд туымен жүрген құрғақ жүк кемесі қатты зақымданып, өрт шыққан. Омандағы жағалау қызметі 20 теңізшіні құтқарып қалды.
Қазіргі деректер бойынша, Иран аумағынан жасалған шабуылдардан 13 сауда кемесі зақымданған.
Иран дипломатиялық қолдау іздеуде
Иран президенті Масуд Пезешкиан Ресей мен Пәкістан басшыларымен телефон арқылы сөйлескенін мәлімдеді. Оның айтуынша, соғысты тоқтатудың жалғыз жолы — Иранның «заңды құқықтарын мойындау, репарация төлеу және болашақта жаңа шабуылдардың болмауына халықаралық кепілдік беру».
АҚШ теңіз тасымалына ескерту жасады
АҚШ-тың Орталық қолбасшылығы (CENTCOM) Иран Ормуз бұғазы маңындағы азаматтық порттарды әскери операциялар үшін пайдалануы мүмкін екенін ескертіп, теңізшілер мен порт қызметкерлерін бұл аймақтардан аулақ болуға шақырды.
Сондай-ақ АҚШ өз азаматтарына Ирактан мүмкіндігінше тез кетуді ұсынды. Вашингтон аймақтағы жағдайдың күрт нашарлау қаупін жоққа шығармай отыр.
Тегеран диверсиялық топ туралы хабарлады
Иран билігі Хузестан провинциясында АҚШ пен Израильмен байланысы бар қарулы топ ұсталғанын мәлімдеді. Операция барысында топ жетекшісі мен тағы бес адам қолға түсіп, олардан қару-жарақ пен қолдан жасалған жарылғыш құрылғылар тәркіленген.
Дипломатиялық дағдарыс та күшейіп жатыр
Испания Израильмен қарым-қатынастың нашарлауына байланысты Тель-Авивтегі елшісін біржола кері шақырып алды. Бұл шешім Израиль мен АҚШ-тың Иранға қарсы әскери әрекеттеріне байланысты туындаған саяси келіспеушіліктермен түсіндірілді.
Financial Times мәліметінше, Таяу Шығыстағы соғыс аймақтың туризм саласына күн сайын шамамен 600 миллион доллар шығын әкеліп отыр. Сарапшылардың пікірінше, алдағы апталарда әскери қақтығыстардың әрі қарай қалай дамитыны Таяу Шығыстың ғана емес, бүкіл әлемдік қауіпсіздік пен энергетика нарығының болашағына әсер етуі мүмкін.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- Соғыстың 12-күні: Иран көмек сұрай бастады, Трамп соғысты аяқтау туралы айтты
- Алматыда бұрынғы полиция шенділеріне есірткі сатушыларға «қорған болды» деген айып тағылып, 12 адамға қатысты сот ісі басталды
- Қорғаныс министрінің орынбасары тағайындалды
- Курьер сезіктенген: Алматыда шетелдік азамат күмәнді сәлемдеме тапсырыс бергені үшін ұсталды
- Атырауда 21 жастағы жігіт бірнеше сағат бойы қызды азаптап, оны әлеуметтік желіге жариялаған
- Скляр мен Такиев ERG директорлар кеңесіне кірді
- Екі баланың көзінше аналарын өлтірген адам «есі дұрыс емес» деп танылып, жазадан құтылып кетпек
- Алаяқтық жасап, пара беруге арандатқан: Павлодарда адвокат сотталды
- Ресей билігі Тоқаевқа орыс тілі ұйымын құру бастамасы үшін алғыс білдірді
- Атырауда Наурыз бен Мейрамгүлдің жаназасы шықты: Қайын жұртын қырып салған күйеу бала
- Иранда су жаңа жоғарғы жетекші жараланды ма? Президенттің ұлы жауап берді
- Түркістан тұрғыны: «Мені 37 күнге психиатриялық ауруханаға заңсыз қамады»
- Таяу Шығыстан 9517 қазақстандық елге қайтты
- Жас жұбайлар WhatsApp желісі арқылы 100-ден асам адамды алдап келген
- Қостанай облысында интернет-алаяқтарға SIM-карталарын қосып беріп отырған тұрғын ұсталды
- Әзербайжан Иранға гуманитарлық көмек жіберді
- Жетісу облысында құтқарушы қызмет барысында қаза тапты
- Жемқорлықпен күресте туған бауырымды да аямаймын – Жапаров
- Алматыда суррогат ана қытайлықтардан 7,5 млн теңгесін ала алмай жүр: Екі ортада сәби тастанды атанды
- «Балаларымды көрмегеніме бір ай болды». Шымкенттік келіншек кәсіпкерден балаларын ала алмай жүр