СІМ Мұрат Нұртілеудің шілдедегі суретін жариялады ма?
Фото: ҚР СІМ
Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Мұрат Нұртілеудің кездесуде жүргенін айтып, сурет көрсетті. Алайда оның нақты қашан өткенін хабарлаған жоқ. Orda.kz бұл суретті тексеріп көріп, 1 шілдеде түскен суретке қатты ұқсас екенін байқады.
Суреттер мен мәтіндер бұрынғы ақпаратпен ұқсас.
Қадірлі оқырман, біз жөпелдемеде жағдайды топшылап, тон пішпеуді жөн көрдік. Тек деректерді, скриншоттар мен сілтемелерді назарларыңызға ұсынамыз.
Ведомство не деді?
«Астана, 2025 жылғы 5 қыркүйек – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу «Harvest Group» компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Алмаз Әлсеновпен кездесті... Министр жобаны одан әрі ілгерілетудің маңызын атап өтіп, мемлекет тарапынан қолдау көрсетуге дайын екенін білдірді» деп жазды баспасөз қызметі.
Алайда министрліктің ресми мәтінінде әдеттегідей «бүгін кездесу өтті» деген тіркес жоқ. Келіссөздердің нақты күні көрсетілмеген.
Orda.kz анықтағандай, министрлік дәл осындай кездесуді 2025 жылғы 1 шілдеде де жариялаған. Ол жолы да тура осындай суреттер, дәл осындай мәтін шыққан.


Еске сала кетсек, Orda.kz сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеудің ұсталғаны жайлы хабарлаған болатын.
Жаңалықтар
- Ақтөбеде жанармай құю бекетінде жарылыс болды
- Жаңа заң: Сталкер деген кім және ол қалай жазаланады?
- Тоқаев мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасарын ауыстырды
- Bulgaria Open-2026: Спортшыларымыз елге 11 медаль әкелді
- 3 және 4 наурыз күндері Сауд Арабиясынан Қазақстанға алғашқы эвакуациялық рейстер болады
- Сыртқы істер министрлігі Иран халқына көңіл айтты
- Нетаньяхудың тағдыры әзірге белгісіз: Ислам революциясы сақшылар корпусы таратқан мәлімдемелер шындыққа жанаспай жатыр
- Қазақстан халқының саны кезекті межеден асты
- Кувейт қателесіп АҚШ-тың үш жойғыш ұшағын атып түсірді
- Зорлық-зомбылықтан зардап шеккен балаларға көмек кабинеттері ашылады
- Астанада 558 млн теңге жымқырған мектеп директоры мен бас есепші сотталды
- Иран әскері Нетаньяхудың кеңсесіне соққы жасады
- Щучинскідегі жарылыс: Дәрігерлер зардап шеккендердің жағдайын баяндады
- LRT жолаушылар үшін қашан іске қосылады? Астана әкімі жауап берді
- «Қайрат» ФК дәрігері Астана әуежайында бомба туралы қалжыңдаймын деп жауапқа тартылды
- Ресейден қауіпті вирус жұққан қызанақ тұқымдары елге әкелінген
- Ирандағы соғыс Қазақстанға қалай әсер етеді: Ормуз бұғазы мен мұнай бағасы
- Отардағы әскери бөлімде жағы сынған сарбазға қатысты тың дерек пайда болды
- Алты араб монархиясы Иранға ұжымдық қауіпсіздік аясында жауап беретінін мәлімдеді
- «Төмен баға ұсынған»: Астанада пәтерлерді екі реттен сатқан құрылыс компаниясы қызметкерлері қамалды