СІМ Азаттықтың 12 тілшісінің аккредитациясын 3 айға созды
Фото: AP News
Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Азаттықтың 12 тілшісінің аккредитациясын 3 айға созды, деп хабарлайды Orda.kz.
Азаттықтың мәліметінше, СІМ жаздан бері соттасып келе жатқан 16 тілшінің аккредитациясына қатысты мәселесі әлі шешілген жоқ.
«Құқықтық медиа орталықтың» заңгері Гүлмира Біржанова Қазақстан билігінің журналистерге аккредитация бермеу кейсін елдің халықаралық қауымдастық алдындағы міндетін орындамау ретінде тануды сұраған.
«Сот қазақстандық 16 журналист шетел журналисіне теңестіріп, оларды кәсіби міндетімен айналысу құқығынан айырды. Қазір мәселе редакцияның тең жартысы туралы болып отыр. 14 қазанда осы журналистерге аккредитация беру мәселесі шешіледі. Қазір Азаттық пен Қазақстанның сыртқы істер министрлігі арасында сот жүріп жатыр. Азаттық тілшілері жұмысына орала ала ма, жоқ па, білмейміз», – деді заңгер.
Бұған дейін Азат Еуропа / Азаттықтың Қазақ қызметі өз тілшілеріне аккредитация бермеген Қазақстанның сыртқы істер министрлігінің үстінен сотқа шағым түсірген. Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Азаттық журналистері аккредитациясы болмаса да жұмыс істеп, заң талаптарын бұзды деген. Ал Азаттық аккредитация беру туралы өтінішті уақытында берсе де, оны қарау мерзімін ведомствоның өзі негізсіз ұзартқанын айтқан.
Еске сала кетейік, «Алматыметроқұрылыс» АҚ басқармасының төрағасы, кәсіпкер Қайрат Реимов Orda.kz басылымының бас редакторы Гүлнәр Бажкеноваға берген сұхбатында Қытай мен еліміздің шекарасында салық жинайтын топтың қалай құрылғанын баяндады. Сонымен қатар, қалтасын қампайтқан олар миллиардтаған доллардың орнын кеден есебінде қалай үңірейтіп кеткенін айтты.
Жаңалықтар
- Биыл Ораза айт пен Құрбан айт қашан басталады?
- Атыраудағы қанды іс: Күйеу бала отбасының төрт мүшесін өлтіргенін мойындады, әйелі психикалық орталықта жатыр
- Қазақстан жұлдыздары жаңа Конституцияға ән арнады
- Путин Трампқа Иранды жеңуге қол ұшын соза алатынын айтты
- Сурдлимпиада чемпионы Фархад Қыстаубаев өмірден өтті
- «Ордабасы» – «Ақтөбе» футболшылары бір-бірінің тісі мен жағын сындырды
- Алматыда қоқыс алаңынан сегіз иттің терісі сыпырылған өлексеcі табылды
- Америкалықтар асырап алған ер адам Қазақстандағы ата-анасына іздеу салды
- Михаил Шайдоров ISU сыйлығына үміткер атанды
- Таразда автобус жүргізушісі жолаушымен болған жанжал кезінде пышақ жарақатын алды
- Вьетнамда жоғалған Әсем Әубәкір табылды
- Николас Мадуро түрмеде отырып халқына ерекше хат жолдады
- Индонезияда қоқыс полигоны опырылып, жеті адам қаза тапты
- Қарағанды тұрғындарына 3,1 миллиард теңгеден астам қаражат қайтарылады
- Эвакуация басталғалы Таяу Шығыстан 8585 қазақстандық елге қайтарылды
- Ормуз бұғазы арқылы бір литр де мұнай өтпейді — Иран
- Астанада ауа райы қолайсыз: Кейбір оқушылар қашықтан оқуға көшірілді
- АҚШ Ауғанстанды заңсыз қамауларды қолдайтын мемлекет деп таныды
- Демалыс күндері Таяу Шығыста не болды: Ирандағы соғыс, мұнай бағасының шарықтауы
- Трамп: АҚШ Иранға жасалатын соққы қарқынын 20 есе арттыруы мүмкін