Шымкенттегі балабақшада балаларды ұрған тәрбиеші қамауға алынды
Фото: Бейнеден кадр
Шымкенттегі «Ай көркем» жекеменшік балабақшасының тәрбиешісі балаларға қол жұмсағаны үшін қамауға алынды, деп хабарлайды Orda.kz.
Ата-аналардың бірі баласының денесінде көгерген іздерді байқап, бейнебақылау жазбасын қарауды талап еткен. Бала тәрбиешінің ұрғанын, ұзақ жылағанын айтып шағымданған. Бейнежазбадан тәрбиешінің екі сағат бойы балаларды ұрып, қолынан сүйреп, сызғышпен соққылағаны анық көрінеді. Кей сәттерде тәрбиеші оларды ұрған соң, еш алаңсыз телефонын қарап отырған.
Зәбір көрген баланың анасы оқиға туралы әлеуметтік желіде жазба жариялады.
«Балам — 2022 жылғы, үшке де толмаған. 4 маусым күні балабақшадағы тәрбиеші “балаңыз құлап, беті қызарып қалды” деп ескертті. Алайда сағат 9:30-дан бастап оны ұрып-соға бастаған. Балам екі сағат бойы тоқтамай жылаған. Жылап жатып жерде ұйықтап қалады. Сағат 15:00-ге дейін денесінің қызарғаны басылмаған соң, құлап қалды деп ақталған» деп жазды анасы.
Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды. Тәрбиеші уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Айта кетейік, осыған ұқсас оқиға биыл қаңтарда Атырауда тіркелген. Жекеменшік балабақша тәрбиешісі баланы тепкені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған еді.
Жаңалықтар
- Бұрынғы шенеунік Жақсылық Омар сотта кінәсін толық мойындады
- АҚШ Ормуз бұғазын ашу үшін теңіз жаяу әскерін пайдалануы мүмкін
- Атырауда техниканы жалға алып, ломбардқа өткізген екі әйел ұсталды
- Израиль Каспий теңізіндегі әскери-теңіз күштеріне жасаған соққысының видеосын жариялады
- Наурыз мейрамы парсылардан келген бе?
- Мойнымнан қылқындырды: Екі баласынан жәбір көрген әке тың деректерді айтты
- Итті құтқарып қалған: Алматылықтардың ерлігі арт-нысанға айналды
- Шымкентте жасөспірім 5-сынып оқушысын ұрып-соққан видео тарады
- Екібастұзда әкімдік қызметкерлері букмекерлік кеңселерде құмар ойын ойнаған
- Бесқонақ: Қазақ танымындағы құпия бес күн
- Тоқаев жұмыс сапарымен Алматыға келіп, 23 млн долларлық суперкомпьютер кластерімен танысты
- Иранда үкіметке қарсы шеруге қатысқан үш адам дарға асылды
- Алматы облысының тұрғыны алимент төлеу үшін бүйрегін сатпақ болған
- Жамбыл облысында ірі көлемдегі жымқыру күдігімен аурухананың бас дәрігері ұсталды
- Қазақстандықтар наурызда қосымша тағы бір күн демалады
- Шенеунік қамауға алынғанын жасыру үшін аурухана анықтамасын пайдалануға тырысқан
- Түрікменстаннан келген студент Алматыда босанып, баласын тастап кетуге тырысқан
- Трамп Тоқаевты Майамиге шақырды
- Ғабиден Мұстафин: индустрия дәуірін жазған қаламгер
- Ұлдары әкесін ұрып-соғып келген: Жетісу облысында жанжал айлар бойы жалғасып жатыр