Шымкентте қаза тапқан сарбаздың отбасына жасалған қысым: Тергеу әскери прокуратураның бақылауында
Фото: national_guard_kaz
Естеріңізде болса, 6 қаңтар күні Жамбыл облысының 6506 әскери бөлімінде қызметін өткеріп жүрген сарбаздың жүрегі тоқтап қалған болатын. Ұлттық ұлан оқиғаның қалай болғаны туралы өз мәліметін таратты, деп хабарлайды Orda.kz.
Әскери қызметші әскери бөлімге 9 желтоқсанда келген. Медициналық көмекке алғаш рет 17 желтоқсанда жүгінген.
«Осы сәттен бастап оған қажетті медициналық көмек көрсетілді. Сараптама тағайындалып, зерттеу жүргізілді. Ол медицина мамандарының бақылауында болды. 29 желтоқсанда денсаулық жағдайының нашарлауына байланысты ауруханаға жатқызу қажеттілігі туындап, ол Шымкенттегі емдеу мекемелерінің біріне жіберілді. Өкінішке қарай, 6 қаңтарда барлық шаралар мен көрсетілген медициналық көмекке қарамастан дәрігерлер оның жүрегінің тоқтап қалғанын айтты. Алдын ала диагноз - жіті лейкоз» деп жазылған ресми түсініктемеде.
Әскери-тергеу департаменті қылмыстық іс қозғады. Тергеу әскери прокуратураның бақылауына өтті.
Ұлттық ұланның мәліметінше, қаза тапқандардың отбасына жасалған қысым туралы жария кеңістікте пайда болған мәлімдемелер расталмаған.
«Сонымен қатар, бұл жағдай да тергеу аясында міндетті түрде қосымша тексеріледі. Ұлттық ұлан тарапынан қаза тапқан адамның отбасына жан-жақты қолдау мен жерлеуге көмек көрсетілді. Қолбасшылық өкілдері әскери қызметшінің ата-анасымен тұрақты байланыста болады және барлық қажетті көмекті беріп, жәрдем көрсетуге дайын», деп хабарлады Ұлттық ұлан.
Тақырыпқа орай ұсынамыз:
- «Мүрдесін ала алмадық»: Алматы облысында көз жұмған сарбаздың туыстары Тоқаевқа үндеу жасады
- «Қастық жасады»: Маңғыстаудағы әскерде уланып қаза тапқан сарбаздың туыстары мәлімдеме жасады
- «Жүрегіне оқ атқан»: Сарыөзекте сарбаз қаза тапты
- Мені атқан кім?: Әскерде қаза тапқан немесе мүгедек болған сарбаздардың оқиғалары
Жаңалықтар
- БАҚ: Хаменеидің ұлы Иранның жоғары көшбасшысы болды
- Ақтөбеде пауэрбанк кесірінен бір отбасы баспанасыз қалды
- Иранға шабуыл: Әлем басшылары дүниежүзілік соғысқа ұласып кетпесе деп алаңдаулы
- «Ақиқат пен есептің арасы жер мен көктей»: Арал теңізінде не болып жатыр?
- Рудныйда аулада ойнап жүрген баланы көлік қағып мерт қылды
- Көкпардан әлем чемпионаты 15–21 наурыз аралығында Түркістанда өтеді
- Қазақстан өз азаматтарын эвакуациялай бастады: Шиеленіс аймағынан 467 адам шықты
- Семейдегі ойын-сауық орталығында алапат өрт шықты
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат
- Тоқаев энергетика министрін қабылдады
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты
- «Ақша қателесіп түсті» дегенге сеніп қалмаңыз: Банк қосымшасы арқылы жасалатын алаяқтық схема
- Алматыда 2006 жылы қылмыс жасаған адам 19 жылдан кейін сотталды
- Денесінің 85%-ы күйген: Щучинскідегі жарылыстан 9-шы адам көз жұмды
- Израиль Тегерандағы президент резиденциясына соққы жасады
- Иран мектебіндегі қанды қасаптан қаза болған 165 адамның жаназасы шығарылды
- Щучинскіде жарылыс болған дәмхананың иесі ұсталды
- Шучинсктегі жарылыс: Тағы бір адам көз жұмды
- Зеленский: Иранның әскери нысандарына жасалған шабуыл – дұрыс шешім
- Бөлінген қаражатты қалтаға басқан Өскемен әуежайы басшылары сотталды