Шымкентте қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовті атып кетті
Фото: gov.kz
Шымкентте қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қарулы шабуыл жасалды, деп хабарлайды Orda.kz.
Оқиға 21 сәуір күні кешкі сағат 20:30 шамасында қалалық әкімдік ғимаратының жанында болған. Шенеунік бірнеше жерінен жараланып, жедел түрде ауруханаға жеткізілді. Қазір ол операция үстінде жатыр.
Полиция дерегінше, Берденовке «Сайга-12» маркалы қарудан үш рет оқ атылған, оның екеуі денесіне тиген. Өміріне қауіп төндірмейтін жарақат алғаны хабарланып отыр.
Respublica партиясының мүшесі Бейбіт Әлібеков Берденовтің жағдайы туралы жазды.
«Достар, әріптестер, Руслан Берденов тірі. Қазір операция үстінде. Үш рет оқ атылды, екеуі денесіне тиді. Өмірлік маңызды ағзалары зақымданбаған».
Шымкент қалалық полиция департаменті бұл ақпаратты растады.
«21 сәуірде Шымкент қаласы әкімдігі ғимаратының жанында атыс қаруы қолданылған қылмыстық оқиға тіркелді. Нәтижесінде әкімдік қызметкері жарақат алып, медициналық мекемеге жатқызылды. Қажетті медициналық көмек толық көлемде көрсетілуде. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», деп хабарлады ведомство.
Айта кетейік, Руслан Берденов бұл қызметке дейін мәжіліс депутаты болған. Сонымен қатар, ол құмар ойындарға тәуелділікпен күрес мәселесін үнемі көтеріп келген.
Жаңалықтар
- Арнайы ХҚКО басшылығы жүргізуші куәлігі үшін пара алып, сотты болды
- Наурыздағы бата мен тілек: Дәстүрдің мәні неде?
- Қазақстанда несие беру талаптары жаңартылды
- Тоқаев Қазақстан халқын Ораза айт мерекесімен құттықтады
- Бұрынғы шенеунік Жақсылық Омар сотта кінәсін толық мойындады
- АҚШ Ормуз бұғазын ашу үшін теңіз жаяу әскерін пайдалануы мүмкін
- Атырауда техниканы жалға алып, ломбардқа өткізген екі әйел ұсталды
- Израиль Каспий теңізіндегі әскери-теңіз күштеріне жасаған соққысының видеосын жариялады
- Наурыз мейрамы парсылардан келген бе?
- Мойнымнан қылқындырды: Екі баласынан жәбір көрген әке тың деректерді айтты
- Итті құтқарып қалған: Алматылықтардың ерлігі арт-нысанға айналды
- Шымкентте жасөспірім 5-сынып оқушысын ұрып-соққан видео тарады
- Екібастұзда әкімдік қызметкерлері букмекерлік кеңселерде құмар ойын ойнаған
- Бесқонақ: Қазақ танымындағы құпия бес күн
- Тоқаев жұмыс сапарымен Алматыға келіп, 23 млн долларлық суперкомпьютер кластерімен танысты
- Иранда үкіметке қарсы шеруге қатысқан үш адам дарға асылды
- Алматы облысының тұрғыны алимент төлеу үшін бүйрегін сатпақ болған
- Жамбыл облысында ірі көлемдегі жымқыру күдігімен аурухананың бас дәрігері ұсталды
- Қазақстандықтар наурызда қосымша тағы бір күн демалады
- Шенеунік қамауға алынғанын жасыру үшін аурухана анықтамасын пайдалануға тырысқан