Шымкентте есепші жымқырған ақшаны мұғалімдер қайтаруға мәжбүр
Фото: freepik.com
Шымкентте ақша жымқырғаны үшін сотталып кеткен есепшінің іс-әрекетінен 80-ге жуық мұғалім зардап шеккен, деп хабарлайды Orda.kz.
Есепші бірнеше жыл бойы ұстаздарға артық ақша аударып, кейін оны өзі кері қайтарып алып отырған. Енді ұстаздар алмаған миллиондаған ақшаны мемлекетке қайтаруға мәжбүр болып отыр.
Қазақстан Ұлттық арнасының мәліметінше, мектеп мұғалімдерінің бірі Әйгерім Досалиеваның есепшотына екі жылдың ішінде есепші 28 мыңнан бастап 200 мың теңгеге дейін 5 рет артық ақша аударған. Артынша «қателесіп кетіппін» деген желеумен қаржыны қолма-қол әкеп беруді өтінген. Есепшінің әрекетінен күдіктенген мұғалім әр жолы артық ақшаны банк есепшоты арқылы кері аударып отырған. Қолында оны дәлелдейтін чегі де, электронды дерегі де бар.
«Бастапқыда 56 мың деген. Енді миллионнан аса болып тұр. Мен оны алған жоқпын. Не үшін беруім керек? Біз оны бердік қой. Бухгалтердің өзінің счетына аударып бердік. Қолма-қол да бердік", - дейді мұғалім.
Есепшінің осындай әккі тірлігіне Әйгерім секілді 78 мұғалім іліккен. Ұстаздардың арызынан соң білім басқармасы ішкі аудит тексерісін жүргізіп, нәтижесіде 21 миллион 600 мың теңге мұғалімдерге артық берілгенін анықтаған.
Жаңалықтар
- Тоқаев Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровті қабылдады
- Қазақстан құрамасы Паралимпиада ойындарында алғашқы медаль алды
- Шымкентте -12 градусқа дейін аяз болуы мүмкін
- Оңтүстік Кореядағы алапат өрттен кейін қазақстандықтың денесі табылды
- Биыл Ораза айт пен Құрбан айт қашан басталады?
- Атыраудағы қанды іс: Күйеу бала отбасының төрт мүшесін өлтіргенін мойындады, әйелі психикалық орталықта жатыр
- Қазақстан жұлдыздары жаңа Конституцияға ән арнады
- Путин Трампқа Иранды жеңуге қол ұшын соза алатынын айтты
- Сурдлимпиада чемпионы Фархад Қыстаубаев өмірден өтті
- «Ордабасы» – «Ақтөбе» футболшылары бір-бірінің тісі мен жағын сындырды
- Алматыда қоқыс алаңынан сегіз иттің терісі сыпырылған өлексеcі табылды
- Америкалықтар асырап алған ер адам Қазақстандағы ата-анасына іздеу салды
- Михаил Шайдоров ISU сыйлығына үміткер атанды
- Таразда автобус жүргізушісі жолаушымен болған жанжал кезінде пышақ жарақатын алды
- Вьетнамда жоғалған Әсем Әубәкір табылды
- Николас Мадуро түрмеде отырып халқына ерекше хат жолдады
- Индонезияда қоқыс полигоны опырылып, жеті адам қаза тапты
- Қарағанды тұрғындарына 3,1 миллиард теңгеден астам қаражат қайтарылады
- Эвакуация басталғалы Таяу Шығыстан 8585 қазақстандық елге қайтарылды
- Ормуз бұғазы арқылы бір литр де мұнай өтпейді — Иран