Шымкентте -12 градусқа дейін аяз болуы мүмкін

cover Фото: Pixabay

Шымкентте қар мен жаңбыр жауды. Ал синоптиктер  бүгін түнде қалада -12 градусқа дейін аяз болуы ықтимал екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz.

Синоптиктер ауа райының күрт өзгеруін антициклонның келуімен түсіндіреді. Құтқарушылар шымкенттіктерге ағаштардың құлау қаупі туралы ескертеді. Дымқыл қар мен көктайғақ салдарынан бұтақтар жауған қардың салмағын көтере алмауы мүмкін.

«Автокөліктерді ағаштардың астында қалдырмаңыз, шіріген ағаштардың жанында ұзақ уақыт қалмаңыз және балалардың ойнауына жол бермеңіз. Егер құлауы мүмкін ағашты байқасаңыз, тиісті қызметтерге хабарлаңыз. Төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне хабарласыңыздар», деп Шымкент қалалық ТЖД тұрғындарына жүгінді. 

Синпоптиктер дәл осындай ауа райы Түркістан облысында да болуы мүмкін деп дабыл қақты.

Оқи отырыңыз:



Жаңалықтар

барлық жаңалықтар