Шымкент тұрғыны дүкеннен құны 7,5 миллион теңге тұратын аяқ киім мен ойыншықтарды ұрлап кеткен

Шымкент полицейлері әмбебап дүкенді тонады деген күдікке ілінген азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.
Тергеушілердің мәліметінше, ол қоймадан құны 7,5 миллион теңге тұратын ойыншықтар, сөмкелер мен аяқ киімдерді ұрлаған.
Шымкент қалалық ІІД баспасөз қызметі 18 қыркүйекте хабарлағандай, полицейлерге әмбебап дүкен қоймасынан ірі көлемдегі тауар партиясы ұрланғаны туралы ақпарат келіп түскен. Сауда нысанының иесі жалпы құны 7,5 миллион теңгеден асатын ойыншықтар, сөмкелер мен аяқ киімдердің жоғалғанын айтты.
Абай атындағы облыстық унитарлық бөлімше қызметкерлері көшедегі бейнебақылау камераларындағы жазбаларды зерттеп, дүкеннен тауарды қандай жүк көлігімен алып шыққанын анықтады. Тәртіп сақшылары ұры тауарды алып кеткен жерді тауып, күдіктіні ұстады. Ол 18 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты.
«Тергеу анықтағандай, жас жігіт түнде аллеяларды бойлай келе жатып, дүкен ғимаратының артқы жағындағы терезені байқап, сол арқылы кіріп, кассаның жанынан кіреберіс есіктің кілтін тауып алған. Кабель арқылы қуат көздерін ажыратып, бейнебақылау жүйелерін өшіріп тастаған. Содан кейін жүк тасымалдау қызметін көрсететін көлікті шақырады. Келген көліктің бортын тауарға толтырып, оқиға орнынан кетіп қалған» деп хабарлады Шымкент қалалық ІІБ.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Жаңалықтар
- 800 млн желге ұшуы мүмкін: Назарбаевтың бұрынғы күйеу баласынан алынған жерді үкімет қайта сатып алмақ
- Қазақстанның тағы бір ауқатты адамы алтын өндіруге лицензия алды
- P. Diddу қыз зорлағаны үшін 50 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін
- Шымкенттегі тыл ардагерінің жағдайы жаға ұстатты
- Ақтөбеде жұлынған қызғалдақпен суретке түскен ауыл әкімі сотта жылап жіберді
- БҰҰ ескерту жасады: Ливияда шенеуніктің өлімінен кейін қақтығыс болды
- «Шыбынды да өлтірмеймін»: Санат Әбдіқадір «Чика» Шерзат көз жұмған түн жайлы айтып берді
- Футбол алаңында қаза болған полицейдің әйелі полициядан 14 млн теңге өндіріп алды
- «Министрлік жауап берді»: Ресей Байқоңырдан бас тартты ма?
- Бішкектегі мектептің біріне Кемел Тоқаевтың есімі берілді
- Астанадағы лифтіде 5 жасар баланың бетін тілген жасөспірімге үкім шықты
- «LRT ісі»: Қашқын Талғат Ардан Түркияда ұсталды
- Жамбылда 68 жастағы ер адам немересін зорлады деген күдікке ілінді
- Президенттік сайлауға түскен Рақымбековтің қызы әкесінің өзін зорлағанын мәлімдеді
- Петропавлда 3 адамды өлтірген ер адам өмір бойына бас бостандығынан айырылды
- Келін өзін қорлаған енесін сот арқылы жеңіп шықты
- Петропавлда 99 жастағы соғыс ардагерін қағып кеткен қыз жауапқа тартылмады
- Алматыда 14 жасар қызды зорлады деген күдікпен әнші ұсталды
- Ажалдан аман қалған Берденов көпшілікке алғысын айтты
- Енді жетім балаларды асырап алатындар арнайы курстан өтеді