Шымкент билігі алты миллионға «Жайдарман» ұйымдастырды

cover Азаттық

1 сәуірде жергілікті билік Жайдарман фестивалін ұйымдастырды. Оған 30-дан астам команда қатысты. Мұның бәрі қаланың «сары» аймақта тұрғанына қарамастан жасалды.

Бұл туралы Orda.kz Азаттыққа сілтеме жасап хабарлады.

Жастар ресурстық орталығы базасында ішкі саясат бөлімі мен дін істері басқармасы ұйымдастырған шараға жүзге жуық көрермен келді. Ұйымдастырушылар барлық санитарлық қауіпсіздік шаралары сақталғанын айтады.

26 наурызда Шымкент қаласының бас санитарлық дәрігері Әбдіманап Төлебаев қаладағы карантинді 12 сәуірге дейін ұзарту туралы жаңа қаулыға қол қойды. Жаңа жарлық жабық үй-жайларда 50-ден көп адам қатыспауға мүмкіндік береді.

Әкімдік бұл іс-шараға 6 млн 642 мың теңге бөлді. Бұл туралы мемлекеттік сатып алу веб-сайтында жарияланған.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар