ШҚО республикалық маңызы бар жолда көлік қозғалысы шектелді

cover ҚР ТЖМ бейнежазбасының скриншоты

Қар көшкініне байланысты республикалық маңызы бар жолдың Шығыс Қазақстан облысындағы бөлігінде көлік қозғалысы шектелді. Шығыс Қазақстан облысында 25 қаңтарға дейін  барлық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды Orda.kz «Қазавтожолға» сілтеме жасап.


Мамандар Республикалық маңызы бар Өскемен – Алтай – Үлкен Нарын – Қатон-Қарағай – Рахман қайнарлары тас жолының 46–66 шақырымындағы Северное ауылынан Серебрянск қаласына дейінгі учаскеде қар көшкініне қатысты алдын алу жұмыстарын жүргізеді.

Жолдың болжалды ашылу уақыты 25 қаңтар күні сағат 15:00.


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар