ШҚО-да тағы бір мерзімді әскери қызметші қаза тапты
Бұл жолы қайғылы оқиға Шығыс Қазақстан облысындағы Жаңғызтөбе кентінде орналасқан 47007 әскери бөлімінде болды, деп хабарлайды Orda.kz.
23 қаңтар күні кешкі уақытта әскери қызметші қарауыл қызметін атқару барысында мұнарада тұрған кезде өзіне бекітілген АК-74 қаруынан абайсызда оқ атылып кеткені туралы болжам бар.
Қорғаныс министрлігі төтенше жағдайға қатысты түсініктеме бере отырып, дәл осы нұсқаны алға тартып отыр.
Биылғы жылдың 7 қаңтарында жас жігіт Жамбыл облысында жүрегі тоқтап қайтыс болды, ол ҚР ІІМ Ұлттық гвардиясы қатарында қызмет етіп жүрген, 6 қаңтарда оның жүрегі тоқтап қалды. Дәрігерлер әскери қызметшіні құтқаруға тырысты, бірақ жас жігіт ауруханада қайтыс болды.
Алдын ала қойылған диагноз - «жіті лейкоз» деп аталады. Ұлттық ұланның баспасөз қызметінің мәліметінше, қызмет кезеңінде сарбаздар медициналық көмекке жүгінген, дәрігерлердің бақылауында болған және Шымкенттің емдеу мекемелерінде тексеруден өткен.
Осындай оқиғалар жиілеп кеткен соң былтыр желтоқсан айының басында президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қарулы Күштердегі, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдардағы әскери және құқықтық тәртіп мәселелері бойынша кеңес өтті.
Онда бас прокурор Берік Асылов, ішкі істер министрі Ержан Сәденов, қорғаныс министрі Дәурен Қосанов әскерилер арасындағы «тәрбие жұмыстары» туралы баяндама жасады.
«Президент заң мен тәртіпті одан әрі қамтамасыз етуге, әскердегі тәрбие жұмысын жетілдіруге, әскери қызметшілердің мерт болуына және жарақат алуына жол бермеу бойынша қабылданған шаралардың тиімділігін арттыруға бағытталған бірқатар нақты тапсырма берді» деп жазылған болатын Ақорда хабарламасында.
Бүгінгі аталған дерек бойынша Ішкі істер министрлігінің әскери-тергеу басқармасы қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта әскери бөлімде Қорғаныс министрінің орынбасшысы жетекшілік ететін арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр. Қаза тапқан сарбаздың отбасына қажетті көмек көрсетілетіні хабарланды.
Еске салсақ, дәл осылай жыл басында Жамбыл облысында мерзімді қызметкердің жарақаттануына қатысты қылмыстық іс қозғалған болатын.
Оқи отырыңыз:
- Алматыда мерзімді қызметтегі сарбаз әскери бөлімнің үшінші қабатынан секіріп кетті
- Тоқаев әскердегі сарбаздардың қазасына қатысты кеңес өткізді
- «Қастық жасады»: Маңғыстаудағы әскерде уланып қаза тапқан сарбаздың туыстары мәлімдеме жасады
Жаңалықтар
- Польшада жоғалған қазақстандық әйелдің мәйіті табылды
- Билік Қазақстан экономикасына 22,7 трлн инвестиция құйылғанын айтты
- Арыс ауданында жоқ малға субсидия алған әйел сотталды
- Иран Дубайдағы халықаралық қаржы орталығына шабуыл жасады
- Марқұм Әли Хаменейдің әйелі тірі
- Иран СІМ: Ормуз бұғазына мина қойып жатқан жоқпыз
- Астанада алғаш рет семсерлесуден Әлем кубогінің кезеңі өтеді
- Иранның жаңа көшбасшысы үндеу жасады: Иран кек алмай қоймайды
- 13 наурызда барлық өңірде күн жылы болады
- БҚО-да мемлекеттік мекеменің есепшісі бюджет қаражатын бәске тігіп жіберген
- Атырау облысындағы Қарабатан полигонында сарбаз қаза тапты
- Қазақстан оқушылары көктемгі демалыста қанша күн демалады?
- Ақтөбеде екі ер адамның мәйіті табылды: «Маньяк» туралы ақпарат рас па?
- Тұрғындарды «референдумға тіркеу» сылтауымен алдап жатыр
- Таяу Шығыстан 10 мыңнан астам қазақстандық елге оралды
- Тоқаев: Әлемде соғыс қаупі күшейді, Қазақстан теңгерімді сыртқы саясат жүргізеді
- «Түптеп келгенде, мұның бәрі елдің ертеңі үшін жасалып жатыр»: Тоқаев референдум жайлы сөз қозғады
- Таразда 9-сынып оқушысын жеті қыз жабылып кастетпен ұрып кеткен
- Қазақ тілінің мәртебесі төмендеді деп байбалам салудың қажеті жоқ – Тоқаев
- Тоқаев қолданыстағы Конституцияны сынамауға шақырды