ШҚО-да «Сергек» үшін негізсіз 238 млн теңге төленді

cover Фото: Sputnik / Владислав Воднев

«Сергек» жобасын іске асыру барысында Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы 238 млн теңгені мемлекетке қайтарды.

Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысның прокуратурасы хабарлайды.

«Сергек» жобасын іске асыру кезінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы заңнаманың сақталуын тексеру барысында аталған жоба аясында мемлекет «Көркем-Телеком» ЖШС-мен 7 миллиард теңгеден астам сомаға келісімшарт жасасқаны анықталды.

«Сергек» бағдарламасының әкімшілік құқық бұзушылықтың алдын алуға және жол-көлік оқиғаларының азаюына тигізетін оң әсерін ескеріп, тексеру барысында мемлекет қаражатын заңсыз төлеу фактілері анықталды, соның салдарынан жобаның құны негізсіз 238 млн теңгеге өсті. 

Прокуратураның енгізілген қадағалау актісі негізінде ШҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы негізсіз төленген шығындарды өндіру туралы талап-арыз берді.

Сот шешімімен талап-арыз толық көлемде қанағаттандырылып,  апелляциялық шағым бойынша бірінші сатыдағы сот актісі күшінде қалды.

Сот шешіміне сәйкес, «Көркем-Телеком» ЖШС 238 млн теңге мемлекет кірісіне қайтарылды. 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар