Шетелдіктердің қолына өткен ауыл шаруашылық жерлері

cover

Кезінде Жамбыл облысы әкімі Қанат Бозымбаевтың батасын алып, мемлекеттік резервтегі Жамбыл ауданы, Шайқорық ауылынан «Сады Востока» ЖШС 24 га және «Шайқорық бауы» ауыл шаруашылық өндірістік кооперативі 50 га жер телімін алып, рекордтық өнім жинаған. Өнімді көбейтеміз деген оймен инвестор іздеген ауыл шаруашылық өндірістік кооперативі артынан бүкіл жерінен айрылып, банктер алдында үлкен қарызға батқан. Мақаланың басты кейіпкері жоғарыда аталған екі ұйымның құрылуына ұйытқы болып, жеке қаржысын салған Қайрат Пирмолдаев. Кейіпкеріміздің айтуынша, барлық қолайсыз жайттар шетелдіктердің келуімен басталған.

Бәрі Бозымбаевтың қолдауынан басталды

Қайрат Пирмолдаев 2014 жылы Мейірлан Бейбітбекұлымен бірлесіп жеке бизнес бастайды. Сол жылы Шайқорыққа интенсивтік технологиямен 24 га алма бағы егілді. Сол жоба жазылып, облыс әкімі оны қолдап, кәсіпкерлерге 117 га жер бөлінеді.

«ҚАЗАГРО» мекемесі тарапынан 2015 жылы «шағын бақшаларды қолдау» жобасы қолға алынып, оған 50 га жер бөлінеді. Осы орайда 10 ауылшаруашылықпен айналысам деген азаматтарға лизинг есебінен 5 гектардан ауылшаруашылық жері бөлінеді.

Кәсіпкерлер шаруаны қуана қолға алып, ауыл шаруашылығын қолдау қоры арқылы несие алып, алма бақ отырғызады. Олар 2018 жылы рекордтық 1200 тонна егін алады. Мемлекетке сол жылдардан бері қарай 100 млн теңгеге жуық салық төленеді. Кәсіпкерлер осы жобаға кредиттер арқылы 400-450 млн қаржы жұмсағандарын айтады.

Қайрат Пирмолдаев 2018 жылдың басында бизнестегі серіктесі екеуі инвестор іздей бастайды. Өйткені, сараптамалық мәліметтер бойынша, елімізде жылына шамамен 250 млн доллардың  алмасы желінеді екен. Соның 40%-ы ғана Қазақстанда өседі, 60%-ы Польша мен Қытайдан келеді. Сондықтан кәсіпкерлер бағбандық саланы дамытып, алма өсіру бойынша ең үлкен кәсіпорынға айналу үшін инвестор іздей бастайды.

Ауыл шаруашылық өндірістік кооперативінің тоқырауға ұшырауы

Кейіннен «Шайқорық бауы» ауыл шаруашылық өндірістік кооперативінің құрылтайшылық құжаттары мен мөрі «Шығыс бағы» ЖШС кеңсесіне тапсырылған. Инвестор болып нидерландық «East Gardens Holdings B.V.» табылып екі фирмаға екі заңгерлік, бір техникалық, жалпы үш аудиторлық тексеріс өткізеді.

Рекордтық  өнім жинағанын  көріп, инвестор «East Gardens Holdings B.V» «Сады Востока»  ЖШС 98% сатып алады.

Содан кейін кәсіпкерлер Тұрар Рысқұлов ауданында тез өсетін алма бағын егеміз деп тағы 150 гектар жер теліміне қол жеткізіп, жұмыстарын жалғастырып кетеді. Бірақ олардың барлық күштері басқа ауданға кеткендіктен, Шайқорықтағы алма бағы қараусыз қалып, алма ағаштары қурай бастайды. 2019 жылы қыста алма бақ үсіп қалды деген сылтаумен кәсіпорындарды банкрот қылады. «Қазақ жеміс көкөніс шаруашылығы ғылыми зерттеу институты»  ЖШС ағаштар мен жерді емдеу керектігін айтады.

Олардың жүргізген зерттеу қорытындысын сілтемеден оқи аласыз.

Зерттеу қорытындысы

2019 жылдың күзінде «Шайқорық бауы» ауыл шаруашылық өндірістік кооперативінің 50 га алма бағын құрылтайшылардың қатысуынсыз, несие беруші қорға ескертпей, алма бақтың 25%-ын алып тастайды. Көшеттер мен талдардың көзі құртылды. «Алма бақтар үсіп қалды, енді кредитті қайтарыңдар» деп ауыл шаруашылығын қолдау қоры 10 адамды сотқа береді. Олардың мойнында 880 млн теңге қарыз кредиттері бар.

Ал енді Қайрат Сейілханұлының айтуынша, кредиттік  ұйым арқылы осы он адамның мойнына қарызды іледі де, сосын аукцион арқылы қайтадан сатылымға шығарады.

Негізінде голландықтармен екі кәсіпорынды дамытуға атсалысамыз деген ауызша келісім болған. Бірақ негізгі келісім-шарт жасалмаған. Бірақ 2016 жылы «Шайқорық бауы» ауыл шаруашылық өндірістік кооперативін басқаруға «Сады Востока»  ЖШС-мен келісім-шарт жасалған.

Қайрат Пирмолдаев  ауылды көркейтеміз деген оймен кредит алып, арадағы пысықайлардың әрекетінен алма бағынының  қурап қалуына байланысты Жамбыл облысы ішкі істер департаментіне арызданған. Бірақ полиция мен прокуратура қылмыстық істі қысқартып тастаған.

Арадағы келіспеушіліктің себеп-салдарын азаматтық іспен тексеріп, дәлелдеп шығу мүмкін емес екенін айтқан кәсіпкерлер істің бас-аяғына шыққылары келеді.

Айта кетерлігі, алма бағынан бес ауру түрі анықталған. Оның екеуі жергілікті жерге тән емес. Толықтай құжаттары жинақталған. Кәсіпкерлере жайқалып өсіп тұрған алма бағының қурап, жоқ болуы мен осындай елде жоқ аурулардың шығуынының себеп-салдарын біліп, әділдікке қол жеткізгілері келетіндіктерін айтып, шырылдап жүр.

Анықтама

«Сады Востока»  жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің құрылтайшылары Golden Apple Investments B.V., East Gardens Holdings B.V., БЕЙБІТБЕКҰЛЫ МЕЙІРЛАН; Ауыл шаруашылық жерлерінің иелері ШЕТЕЛДІКТЕР.

Вконтакте әлеуметтік желісінен «Сады Востока» ұйымының парақшасынан фотолар ұсынылды.

Фотода Қайрат Пирмолдаев пен Досумбеков Альтаир
Фото коллаж ВКонтакте әлеуметтік желісінен алынды

Orda.kz  журналисі өзінің  зерттеуін Жамбыл облыстық прокуратурасына  жолдап, қадағалаушы орган оны Жамбыл облысы әкімдігіне жіберіп, әкімдіктің жерлерді пайдалану және қорғалуын бақылау басқармасынан төмендегідей жауап алды.

Заң не дейді?

- Мақалада көрсетілген алма жемісін өсірумен шұғылданатын «Сады Востока» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (бұдан әрі - Серіктестік) «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАK MK Жамбыл облысы бойынша филиалының Тараз қалалык тіркеу және жер кадастры белімінің мәліметіне сәйкес кұрылған кезден бері 4 рет кайта тіркеуден өткізіліп, кұрылтайшыларының кұрамы өзгерістерге ұшырап отырған. Атап айтканда 2014 жылдың 11 шілдесінде мемлекеттік кайта тіркеу кезінде кұрылтайшысы ретінде «Логистар» ЖШС-і тіркелсе, 2014 жылы кыркүйегінде кұрылтайшысы «FAIR TRADE COMPANY» ЖШС-не ауысқан. Содан соң 2018 жылдың 26 сәуіріндегі мемлекеттік қайта тіркеу кезінде құрылтайшылар Мейірлан Бейбітбекұлы және Мадимар Мансурович Узбеков болып тіркелсе, 2018 жылдың 14 қарашасында бұрынғы кұрылтайшылардан Мейірлан Бейбітбекұлы қалып, одан бөлек шетелдік компаниялар «Golden Apple Investments B.V» Нидерланды, «East Gardens Holdings» Нидерланды енгізілген.

Аталған алма бағы орналасқан жеріне құқық тапсыру 2013 жылы басталған. Алдымен Жамбыл ауданы, Жамбыл ауылдық округі аумағына 17 га суармалы егістік жер учаскесі Жамбыл ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 24 қыркүйектегі № 580 қаулысымен «Тараз» әлеуметтік - кәсіпкерлік» Ұлттық компаниясы» АҚ на (одан әрі - «Тараз» ӘКК) жеке меншік кұқығымыз табысталған. Содан соң «Тараз» ӘКК - ның келісімімен аталған жер учаскесі аудан әкімдігінің 2015 жылғы 21 желтоқсандағы №751 қаулысымен аталған Серіктестікке рәсімделген. Жерді рәсімдеу кезінде Серіктестік кұрылтайшылар құрамында шетелдік жеке немесе заңды тұлғалар болмаған.

Жер шетелдіктердің меншігінде ме?

- Жалпыға мәлім, 2016 жылдың 6 мамырындагы ҚР Президентінің ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді сатуға мораторий жариялау туралы жарлығына байланысты 2021 жылдың аяғына дейін аталған санаттағы жерлерге жеке меншік құқығын табыстау тоқтатылып, жер пайдалану құқығын заңдастыру қаралды. Қоғамда кызу талқыға түскен осы мәселе республикалық деңгейде қаралған Ұлттық комиссия тарапынан зерделеніп, түпкілікті шешім ағымдағы жылдың 26 маусымындағы жер заңнамасына өзгерістер ретінде қабылданып енгізілді. Бұл заңнамалық өзгерістерде ауыл шаруашылығы жері бар шаруашылықтардың құрамына шетелдік жеке немесе заңды тұлға кірген кезде ауыл шаруашылығы жерін мемлекет меншігіне кайтару көзделген.

Дәлірек айтқанда, ҚР Жер кодексінің 24 бабы 1 тармағында: «Шетелдіктер азаматтығы жоқ адамдар, шетелдік заңды тұлғалар, шетелдік қатысуы бар Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары халықаралық ұйымдар, халықаралық қатысы бар ғылыми орталықтар, сондай - ақ қандастар ауылшаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін жеке меншік немесе жер пайдалану құқығымен иелене алмайды. Қазақстан Республикасы заңды тұлғаның қатысушылары (акционерлері, мүшелері) құрамына шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам шетелдік заңды тұлға, шетелдік қатысы бар Қазақстан Республикасының заңды  тұлғасы кірген кезде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелеріне жеке меншік құқығы, сондай - ақ уақытша жер пайдалану арқылы осы Кодекстiң 66 бабының нормаларына сәйкес иеліктен шығарылуға жатады...» деген талап (норма) қабылдады.

Алайда шетелдік үлес мәселесі осы норма қабылданғанға дейін орын алғандықтан, бұл норманы қолдану немесе қолдаңбау  заңдылығының кері күші болу болмауына қатысты екендігі белгілі. Жалпы азаматтық заң құжаттарының кері күші болмайды және өздері күшіне енгізілген кейін пайда болған қатынастарға қолданылады. Сондай - ақ азаматтық заң құжаттары күші өздері күшіне енгізілгенге дейін пайда болған қатынастарға бұл өзара тікелей көзделген реттерде қарастырылған. Дегенмен аталған мәселені қоғамдық әсерін ескере отырып, орманды заңдастыруын ұсынған орталық уәкілетті органына осы мәселе бола түсіндірме беру туралы хат жолданды. Заң талаптары нақтыланғаннан кейін тиісті шешiм кабылданатын болады. Өтінішке жауаппен келіспеген жағдайда ҚР Әкімшілік рәсімдік - процестік кодексінің талаптарына сәйкес шағымдануыңызға құқылы екендігіңізді ескертеміз .

Авторы: Исламбек Дастан

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар