«Шерзатты Қаржаубай өлтіруі мүмкін»: Сотталушылардың адвокаты не деді?
Фото: Orda.kz
16 жасар Шерзат Полаттың өліміне қатысты сот отырысында мемлекеттік айыптаушылар мен жәбірленуші тараптың адвокаттары жарыссөзде сөйлеп болған соң, сотталушы тараптың адвокаттары өз уәжін айтты, деп хабарлайды Orda.kz.
Сөз кезегін Равиль Сәкиевтің қорғаушысы Мәди Бөленбаев алды. Оның айтуынша күдіктінің Шерзатқа қолының ұшы да тимеген және тіпті айыптаушылардың Равильдің кінәсін тікелей дәлелдейтіндей дәлел мен дәйек ұсынбағанын жеткізді.
«Соттағы жарыссөзде прокурор Сәкиев тек Ғайыпбаевқа ғана қатысты қылмыстық құқық бұзушылық жасаған деп айтты. Сондықтан 300 млн қаржыны моральдық зиян ретінде талап ету еш негізсіз және осы негізде талапты қанағаттандырудан бас тартуды сұраймыз» – деді Бөленбаев.
Шыңғыс Белғожаевтың адвокаты Марғұлан Сәдібековтің айтуынша, «дау Нұрымов агрессияға беріліп, тыныш шешудің орынан қолына пышақ алып, мәселені ушықтырып жіберген соң» басталған. Сонымен қатар, оқиға орнына мылтықты белгісіз тұлға әкелді деген. Ол сот барысында куәгерлер мен сотталушылардың мылтықты марқұм Нұрғанат Ғайыпбаевтан көргенін айтып куәлік бергенін алға тартты.
Кәмелеттік жасқа толмаған Ысқақ Думанның адвокаты Жалқын Қабылов өзінің қорғауындағы күдіктінің төбелеске еш қатысы жоқ болғанын, әу баста полиция оны жібергенін айтты. Оның сөзінше Ысқақ Думанды үй өртеніп, қоғамда резонанс туған соң қамауға алған.
«Аса ауыр қылмыс туралы хабарламау — оны қасақана істеу болып есептеледі. Алайда Думан қасақана жеткізбейтіндей нақты ақпаратты білмеді. Оған қоса сотта Тоқтаубаев Азамат оның төбелестен бейхабар болғанын айтты. Думанның алдын ала тергеу мен соттағы жауаптарында ешқандай қарама-қайшылық жоқ. Оның үстіне ол төбелесте бала өлгенін келесі күні мектепте сабақта отырғанда естіген», — деді Қабылов.
Дидар Қалиахметтің адвокаты Алмас Мырқасымов өзінің қорғауындағы Дидар Қалиахметтің төбелеске еш қатыспағанын айтты.
«Қалиахмет төбелес басталғанда ол маңда болмаған. Сотта көрсетілген бейнежазбада ол небары шет жақта екі минуттай қарап, ары қарай кетіп қалғаны көрсетілді. Сонымен қатар, ол сол кезде төбелесті көре тұра жедел жәрдем мен полиция шақырмағанына өкінетінін айтты. Сондай-ақ, сотта жауап берген Нұрымовтың өзі әу баста ашу-ызадан бәріне кінә жапқан. Алайда артынша Дидар Қалиахметпен дүкенге сыра алуға келген оның екі бөлесі Санат пен Думанға қатысты олардың төбелеске қатыспағанын, ал нақты Қалиахметтің іс-әрекетін айта алмады», – деді Мырқасымов.
Дидар Қалиахметтің екінші қорғаушысы Гаухар Баймұханова сотта Нұрымов пен Қадырованың, Бишембиеваның алдын ала тергеу мен соттағы жауаптарында көп қарама-қайшылық бар екенін айтып, осыған орай жеке қаулы шығару керек екенін айтты. Сонымен қатар, сотталушылар мен куәгерлердің көбісі Ғайыпбаевтың оқиға орнында мылтық атқанын ал Қаржаубайдың дүкеннен бір емес үш рет пышақ алып шыққанына байланысты жеке қаулы шығарып құзырлы органға жолдауды сұрайтынын жеткізді.
Ал Тоқтаубаевтардың адвокаты Гүлмира Бабажанова жарыссөзде өзінің қорғауындағы күдіктілерге физикалық әрі психикалық қысым жасалғанын айтты. Сонымен қатар, Бабажанованың айтуынша оларға жауап алу барысында бірнеше рет құқықтары бұзылғаны әрі тергеу барысында жақын туысына қарсы куәлік бермеу құқығы түсіндірілмеген.
Ал Нұрқияс Ілиясовтың адвокаты Нұрлан Қилыбаевтың айтуынша, «егер Ғайыпбаевтың қолынан мылтықты тартып алмағанда екі рет атылған оқтан соң, үшінші оқ біреудің өмірін қиып кетер еді». Ол тергеу тек «қоғам күткен қорытындыны» бергенін алға тартты.
«Қоғамдық қысымнан тергеу обьективтіліктен ауытқыды. Тергеу көптеген қарама-қайшылықтарды ескермеген. Тергеу қоғам күткен қорытындыны шығарды. Айыптау актісінде қақтығыстың себебі мен салдарына талдау жасалмаған. Жәбірленуші тараптың шатасқан жауаптарына да мән бермеген. Сотқа дейінгі тергеп тексерудің обьективтілігі үлкен күмән туғызып отыр. Тергеу тек айыптау сарынында жүргізілген. Әрі тергеу болжам ғана құрып отыр, ал болжам дәлел емес. Ілиясовтың қылмыс жасайтын ойы да, не басқаларымен сыбайластығы да болмаған. Ол не істесе де, өз өміріне төнген қауіптің бетін қайтару мақсатында әрекет еткен», – деді Қилыбаев.
Осыдан кейін жарыссөзде дүкен иесімен бірінші болып сөзге келген күдікті Дархан Әскентайдың адвокаты Ержан Мәуленов сөз сөйледі.
«Дархан Әскентайдың кінәсін дәлелдейтін дәйектің жеткіліксіз болуына, ал істегі бар дәлелдемелер бір-біріне қарама-қайшы келіп, теріске шығуына орай сот ақтау үкімін шығарады деп сенемін», — деді Мәуленов.
Соңғы болып жарыссөзде Абзал Шынасылдың адвокаты Жұмат Әбенов сөйледі. Ол әуелі марқұм Шерзаттың тәрбиесіне қатысты бірер ауыз сөз айтты.
«Жас баланың тәрбиесін дұрыс жүргізбегеннен бе, әлде әкесі оны саудаға араластырмау керек пе еді... Ол жағын айта алмаймын. Әр үйдің тәрбиесі басқа. Дегенмен оған қатысты ештеңе айта алмасақ та, өзінен үлкен жігітті жұдырықпен ұрғаны бар... Айтарым Шынасылға оқиғаға дейін бірнеше адам жабылып кеткен. Содан бастап ол қорғану мақсатында қалтасына пышақ салып жүрген. Ол сол оқиғаға арнайы барайын деп бармаған. Жұмыстан соң демалайын деп Эйфория мейрамханасына барған. Дүкен алдына барған ол қарсы жақтан келе жатқан Ғайыпбаевқа соққы жасаған. Себебі Ғайыпбаев мылтығын Шынасылға бағыттаған. Сол күйінде мылтықты кім әкелгені белгісіз болып қалатын болды. Оның мақсаты — пышақтың ұшымен ғана зиян келтіру болды. Шынасылдың Нұрғанатқа келтірген жарақаты адам өміріне ауыр зиян келтірмейді», – деді Әбенов.
Сонымен қатар, Абзал Шынасыл қасындағылардың алдауына көніп, Шерзатқа салмаған пышағын салдым деп мойындағанын, артынша онысы дұрыс болмағанын айтты. Ол Шерзатқа пышақ сұқты деген айыпты жоққа шығарды. Сонымен қатар, оқиғаның басталуына себепші болған Дархан Әскентайды Шынасыл мүлде танымайтынын жеткізді.
«Дүкеннен пышақ алып шыққан Қаржаубайды Шерзат “папа, қойшы” деп ажыратып, ары-бері жүргенде сол пышақ абайсызда баласына тиіп те кетуі мүмкін еді. Мұндай нұсқаны да жоққа шығаруға болмайды. Сонымен қатар, осы сотталушылардың ішінде кім шындықты айтты десең 100 пайыз шындықты осы Шынасыл Абзал айтты. Оның тек бір ғана кінәсі бар ол тек басында Шерзатқа пышақты мен сұқтым деп қасындағылардың алдауына көніп, мойнына ала салғаны», — деді қорғаушы Әбенов.
Сонымен қатар, жарыссөзде Дархан Әскентайдың әпкесі, мен Равиль Сәкиевтің анасы сөз сөйледі.
Сот 3-маусым күні сағат 10:00-де жалғасады.
Сондай-ақ, бүгін жәбірленуші тараптың адвокаты Шекеев сотталушылардың Шерзат Полатқа пышақ сұғылып, қансырап жерде жатса да, қалғандары анасының зарына қарамастан аяусыз ұрғанын еске салып, 90-жылдың бандиттері де ондай қатыгез болмағанын айтты.
Еске сала кетсек, Талғарда 4 қазан күні бір топ адам келіп дүкен иесі Қаржаубаймен, ұлы Шерзатпен және ағасы Нұрғанатпен жанжалдасып, арты кісі өліміне ұласты. 16 жасар Шерзат қаза болды. Бұл іс қоғамда үлкен резонанс тудырды.
9 желтоқсан күні таңертең жасөспірім Шерзат Полаттың ағасы Нұрғанат Ғайыпбаевтың денесі марқұм Шерзаттың зиратының қасынан табылды.
12 қазан күні Азат ауылындағы марқұм болған Шерзаттың отбасының үйі өртеніп кетті.
Жаңалықтар
- Санитарлық дәрігердің қаулысы: Астанада тұмау белгілері бар балалар мен ұстаздар сабаққа жіберілмейді
- Ақтаудағы аялдамалардың бірінен ер адамның мәйіті табылды
- Алдағы аптада Алматыда минус 21 градус суық болады
- АҚШ Қарулы Күштері Латын Америкасындағы есірткі картельдеріне әуе шабуылын бастайды
- Берік Уәли онлайн ойынның кейіпкері болады
- Орталық Азияға астық экспорты: Өзбекстанның қамбасы лық толды, Қазақстан жаңа шешім іздеуде
- Қазақстанның үш облысында ауа райына байланысты жол қозғалысы шектелді
- Гоада клубтан шыққан өрт 25 адамның өмірін жалмады
- Зеленский Уиткоффпен және Кушнермен Ресейдің жаңа шабуылының қаупі туралы телефон арқылы сөйлесті
- Қазақтың жас таеквондашысы Бейбарыс Қаблан әлем чемпионы атанды
- Түркістанда жұдырығы жуан шенеунік қызметінен айырылды
- Алматыда түнде болған алапат өрт сөндірілді
- Батырхан Төлеуғали жастар арасында таеквондодан әлем чемпионы атанды
- Жолдарда полиция бірнеше есе көбейді
- Лисаковскідегі бала зорлағыш өмірінің соңына дейін түрмеге тоғытылды
- Жағармай үшін өмірін жақты: Әскери бөлім қоймасының меңгерушісі тоғыз жылға сотталды
- Алматы облысындағы Нарынқол шекара бекетінде әскери қызметші мен баласы қаза тапты
- ТЖМ еліміздің оңтүстігіндегі жер сілкінісінен кейін нысандар мен ғимараттарды тексерді
- Бас прокуратура алаяқтардың жаңа «әдісі» туралы ескертті
- Алматы кәуапханаларында экологиялық және санитарлық бұзушылықтар анықталды