Шавкат Рахмоновтың әйелі 5 жылға сотталды: Жазаны өтеу кейінге қалды

cover Фото: Orda.kz

Жамбыл облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Шавкат Рахмоновтың әйеліне қатысты іс қаралды. Гүлайым Рахмонова 5 жылға сотталды, деп хабарлайды Orda.kz. 

Тараз сотының мәліметінше, былтыр 27 шілдеде Жамбыл облысы Мойынқұм ауданындағы «Алматы-Екатеринбург» тасжолында Toyota Land Cruiser маркалы автокөлігі жол апатына ұшырады. Шавкат Рахмоновтың әйелі шаршап тұрғанына қарамастан көлік тізгіндеген. Ол көлікті басқара алмай, қарсы қозғалыс жолағына шығып кеткен. Салдарынан сотталушының досы мен әпкесі көз жұмды.

Сотталушының кінәсі дәлелденді. Прокурор 7 жылға дейін автокөлік құралдарын басқару құқығынан айыра отырып, 5 жылға бас бостандығынан айыруды, жазаны орындауды 5 жылға кейінге қалдыруды сұрады. Ал жәбірленуші тарап сотталушыны кешірді. Сотталушы өз кінәсін мойындамады. Сотталушының 2 жастан 9 жасқа дейінгі 4 баласы бары белгілі болды. 

«Сот үкімімен Р. ҚК 345-бабының 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды және оған 7 жыл мерзімге автокөлік құралдарын басқару құқығынан айыра отырып, 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды», - деп хабарлады Тараз соты.

Жас балаларының болуына байланысты жазаны өтеу 5 жылға кейінге қалды. 

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар