Шала туған баланы аман алып қалу үшін жанталас

cover

Қазақстанда соңғы 15 жылда сәби өлімі үш есеге, ал жаңа туған нәрестелер өлімі 3,3 есеге төмендеді. Сонымен қатар, өте төмен салмақпен туылған сәбилердің өмір сүру көрсеткіші төрт есеге артты, деп хабарлайды Orda.kz.

17 қарашада әлемде 2009 жылдан бері жаңа туған нәрестелерді күту жөніндегі Еуропалық қор құрған шала туған нәрестелер күні атап өтіледі.


ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жыл сайын әлемде 15 миллион бала мерзімінен бұрын дүниеге келетінін, бұл барлық жаңа туған балалардың шамамен 10 пайызы екенін мәлімдеді. Қазақстанда бұл көрсеткіш 20-22 мыңға жетеді, бұл барлық дүниеге келген сәбилердің 5 пайызына тең.


«Жүктіліктің 36 аптасына жетпей туылған және салмағы 2500 грамнан аспайтын нәрестелер ерекше назар мен күтімді қажет етеді, олардың анатомиялық жағынан дұрыс, бірақ функционалдық жағынан жетілмеген мүшелері болады. Бұл оларды өте нәзік етеді. Мұндай балалардың терісі өте жұқа және осал, тері астындағы майдың деңгейі төмен, өкпесі функционалды түрде жетілмеген, жүрек-қантамыр және ас қорыту жүйесі жетілмеген, сондай-ақ орталық жүйке жүйесі өте сезімтал болады», деп мәлімдеді  ҚР Денсаулық сақтау министрлігі. 


Ведомствоның мәліметінше, заманауи тиімді перинаталдық технологиялар дене салмағы 500 грамнан  және 1000 грамнан төмен жаңа туған нәрестелерді адам қатарына қосуға мүмкіндік береді.


Елімізде заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған жоғары мамандандырылған кешенді көмек көрсететін 39 перинаталдық орталық бар. Алдағы уақытта халықаралық стандарттарға сай 12 жаңа перинаталды орталық салу жоспарлануда.

«Шала туған нәрестелерді күту процесі медицина қызметкерлерінің, соның ішінде неонатологтың, анестезиолог-реаниматологтың, медбикелердің және басқа да мықты мамандардың барынша назарын және кәсібилігін талап етеді.  Бір шала туған нәрестеге 20-дан астам түрлі кәсіби жәрдем көрсетіледі»,  деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі.


Бүгін Қазақстанның барлық аймақтарында ашық есік күндері: ата-аналарға арналған мектеп, бұрынғы науқастармен және қоғамдық қорлармен кездесулер өтеді. Елордада және еліміздің басқа да ірі қалаларында ғимараттар Халықаралық шала туған нәрестелер күнін білдіретін күлгін түспен жарықтандырылады

Дәрігерлер еліміздегі барлық ата-аналарға шала туған нәрестелерге респираторлық синцитиальды вирустың қауіптілігі туралы ескертіп отырады.


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар