Үш жоғары оқу орны аккредиттеу күәлігінен айрылды

cover nu.edu.kz

Қазақстандық аккредиттеу агенттіктері мамандарға тексеру жүргізуге мүмкіндік бермегендіктен, үш жоғары оқу орнынан аккредиттеу туралы куәлікті кері қайтарып алынды.

Бұл туралы Orda.kz ҚР БҒМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

«Білім туралы» Заңға сәйкес ЖОО-лар лицензиясыз және аккредиттеусіз дипломдар бере алмайды.

— Біздің ұйым оқу орындарын аккредиттеумен айналысады, яғни білім беру бағдарламаларының сапа стандарттарына сәйкестігін тексереміз. Аталған оқу орындары біздің сарапшыларымызды өз ғимараттарына кіруіне жол бермей, аккредиттеуден кейінгі мониторинг жүргізуге кедергі келтірді. Осыған байланысты біз аккредиттеуді кері қайтарып алу туралы шешім қабылдадық, – деп атап өтті «тәуелсіз Қазақстандық Аккредиттеу орталығы» НУ директоры Бегалы Халмуратов.

Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі (АРТА/IAAR) Орталық Азия университетінен, Ақтау гуманитарлық-техникалық университетінен (бұрынғы-Қазақстан теңіз университеті) және «Астана» университетінен аккредиттеу туралы куәліктерін кері қайтарып алды.

Білім және ғылым министрлігі, аккредиттеу агенттіктері мен жұмыс берушілер ортақ мақсат – жоғары білім сапасын арттыру үшін бірлесіп жұмыс істеуде.

— Естеріңізде болса, бұл бізді ғимаратқа кіргізбеген және тексеруге барлық жағынан кедергі келтірген жоғары оқу орындары. Бұған дейін осы жоғары оқу орындарында жүргізілген тексерулер нәтижесінде білім беру саласындағы заңнама нормаларының көптеген бұзушылықтары анықталған болатын. Өткен жылы оларда аккредиттеумен де проблемалар болды, осыған байланысты түлектер дипломдарын уақтылы ала алмады, жұмысқа орналаса алмады, магистратураға түсе алмады. Кадрларды даярлау сапасы туралы да мәселе тұр. Бұл жоғары оқу орындары тарапынан тексеру нәтижелері бойынша шешім қабылдау мерзімдерінің жасанды түрде созылғаны байқалады, – деп атап өтті ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрайымы Гүлзат Көбенова.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар