ШҚО-да әлеуметтік желіге тараған бүлдіршінді министр құттықтады

cover

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Шығыс Қазақстан облысында Аяз Атаның артынан жүгіріп, «Тоқта, Аяз Ата!» деп айқайлаған баланы жаңа жылмен құттықтады.

ШҚО білім басқармасының баспасөз қызметі хабарлағандай, әлеуметтік желілерде тараған видеоның кейіпкері Алтай қаласындағы № 6 орта мектебінің үшінші сынып оқушысы Дмитрий Головень екен.

Асхат Аймағамбетов балаға хат жолдады. Хатта ол Дмитрий жыл бойы төрт және бес деген баға алып, мұқият оқып шыққанын атап өтті.

«Министр оқушыға әрдайым батыл болып, ата-аналар мен мұғалімдерді қуантуды, сондай-ақ қойылған мақсаттарға жетуді тіледі. Алдағы жаңа жылдың құрметіне орай Асхат Аймағамбетов мектеп оқушысына кітап сыйлады және алдағы демалыс кезінде мүмкіндігінше көп кітап оқуға кеңес берді. Сондай-ақ, бала министрдің атынан басқа да сыйлықтар алды. Министрдің оқушымызға жолдаған хатының мәтінін жариялап, біз де құттықтауға қосыламыз!» делінген білім басқармасының хабарламасында.

Айта кетейік, бүгін желіде бейнежазба пайда болды. Бейнекадрларда бала Аяз Атаның артынан «Тоқта, Аяз Ата, тоқта!» деп жүгірген. Бейне бірнеше сағат ішінде мыңдаған пікірлерге ие болды.

«Біз бұл баланы тауып, оған сыйлық бергіміз келеді. Бұл 6-шы мектептің ауданы, Алтай қаласы» деп жазды авторлар.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар