Серік Жұманғарин ҚР Премьер-Министрінің орынбасары болып тағайындалды

cover

Бүгін Мәжілістің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің отырысында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары қызметіне тағайындау үшін Жұманғарин Серік Мақашұлының кандидатурасы келісілді.

Мәжілісмендер «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 22-1-бабына сәйкес мәселені қарады.

Отырыс қорытындысы бойынша ұсынылған кандидатты Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары лауазымына тағайындауға ұсыну мүмкіндігі туралы Комитет қорытындысы қабылданды.

Бұған дейін Жұманғарин бірден екі лауазымды – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары және Сауда және интеграция министрі қызметін атқарған.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар