Серік Сәпиев өзінің орынбасарымен жанжалдың неден болғанын мәлімдеді

cover Фото: GOV.KZ

Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев өзінің орынбасары Дәурен Есімхановпен даудың неден басталғанын айтып берді, деп хабарлайды Orda.kz.

Өз сөзінде боксшы аймақта жасырын ықпалы бар кейбір адамдар тарапынан қарсылыққа тап болғанын айтты.

«Ең алдымен, қолдау білдірген баршаңызға алғыс айтамын. Халықтың қолдауы – мен үшін ең үлкен құндылық. Болған оқиғаға қатысты нақты айта кеткім келеді, бұл жеке немесе тұрмыстық жанжал емес. Аймақта жасырын ықпалы бар кейбір адамдар тарапынан қарсылыққа тап болдым. Облыстық спорт ұйымдарының басшыларын заңсыз ротациялауға әрекет жасалып, оған менің орынбасарым да қатысқан. Мен бұл заңсыз әрекеттерді тоқтаттым, соның салдары осы жағдайға әкелді. Ашық мәлімдеймін: Мемлекет басшысы айтқандай, ел спортындағы жүйелі реформаларды жүзеге асыру жолындағы мұндай арандатушылықтар біздің шешімімізді шайқалтпайды» деп жазды Серік Сәпиев.

Айта кетейік, Олимпиада чемпионы, Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Серік Сәпиев пен оның орынбасары, самбо және жауынгерлік самбодан Азия және әлем чемпионаттарының жүлдегері Дәурен Есімханов арасында төбелес болған еді.






Жаңалықтар

барлық жаңалықтар