Сербия президенті Александр Вучич Қазақстанға ресми сапармен келді: Екі ел арасындағы тауар айналымы 107 млн АҚШ долларынан асты

cover Фото: ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметі

Александр Вучич Қазақстанға ресми сапармен келді, деп хабарлайды  Orda.kz премьер-министрдің баспасөз қызметіне сілтеп.

«Сербия президенті Александр Вучич мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қазақстанға ресми сапармен келді. Әуежайда Сербия президентін ҚР премьер-министрі Олжас Бектенов қарсы алды. Александр Вучичтің Қазақстан Республикасына ресми сапары аясында саяси диалогты одан әрі нығайту, сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту мәселелері бойынша жоғары деңгейдегі келіссөздер өткізу жоспарланып отыр» деп жазылған хабарламада. 

Сондай-ақ Сербияның Қазақстанның Балқан түбегіндегі жақын әрі сенімді серіктесі екені атап өтілді.

«Екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастардың 30 жылы ішінде өзара құрметке, сенімге және тиімді әріптестікке негізделген достық байланыстар қалыптасты. Өткен жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Сербия арасындағы тауар айналымы 7,6%-ға өсіп, 107 млн АҚШ долларынан асты» деп нақтылады үкімет. 

Еске салсақ, жақында Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Вучичті Сербияның Мемлекеттілік күнімен құттықтады.  Қазақстан президенті бұл мереке серб халқының бірлігін және оның ұлттық тұтастыққа, егемендікке әрі тұрақты дамуға деген мызғымас ұстанымын айшықтайтынын атап өтті. 

Оқи отырыңыз:


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар