Сербия Қазақстанға 1 млн еуро беріп, көмектесті
Фото: Ашық дереккөзден
10 мамыр күні «Қазақстан халқына» қорының есепшотына Сербия үкіметінен су тасқынынан зардап шеккен аудандарда үй салу үшін 1 миллион еуро түсті. Бұл туралы ОКҚ сайты мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz порталы.
«Бұл жәрдем екі ел арасындағы ынтымақтастық деңгейін көрсетеді және шетелдіктердің біздің қызметімізге артқан сенімі мен көмек бөлудегі ашықтықты көрсетеді», - деді «Қазақстан халқына» қорының басқарма төрағасы Болат Жәмішев.
2024 жылдың 10 мамырдағы жағдай бойынша табиғи апаттан қираған тұрғын үйлерді салуға қордан бөлінген 10 миллиард теңгеден бөлек қосымша 5,3 миллиард теңге жиналған.
Айта кетейік, 2024 жылғы 6 мамырда екі елдің басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Александр Вучич телефон арқылы сөйлескен болатын. Президенттер екіжақты ынтымақтастықты жандандыру, бұрын қол жеткізілген келісімдерді жүзеге асыру және Қазақстан президентінің Белградқа алдағы сапарын ұйымдастыру мәселелерін талқылады.
Еске сала кетейік, Қазақстан 2014 жылы алапат су тасқынына байланысты Сербияға шатыр, дәрі-дәрмек пен ең қажетті заттарды жіберіп, гуманитарлық көмек көрсеткен болатын.
Жаңалықтар
- Сербия президенті Александр Вучич Қазақстанға келді: Екі ел арасындағы тауар айналымы 107 млн АҚШ доллардан асты
- Алматыда 180 мың вейп тәркіленді: Іс сотқа жолданды
- Женевадағы АҚШ пен Иран келіссөздері: 440 келі байытылған уран елден шығарылсын
- «Бұрынғыдан да жақсы болады»: Садыр Жапаров Ташиевтің қызметтен кеткенін трагедияға айналдырмауды сұрады
- 32 жыл күткен алтынның бағасы: Михаил Шайдоровқа 250 мың доллар, екі пәтер және көлік
- Жазда самокатпен жүру тәртібі өзгеріп, қатаң талаптар енгізіледі
- Қоғам белсендісі Оразалы Ержанов референдум туралы жарияланымдары үшін ұсталды ма?
- Қабырғаны бұзып кірген: Павлодардағы банкті тонады деген 4 күдікті Ресейде ұсталды
- Пезешкиан: Хаменейдің ядролық қаруға тыйым салу жөніндегі пәтуасы бұзылмайды
- Рим папасы уағыз дайындауда ЖИ қолданбауға шақырды
- Шымкентте 7 жасар қызға мұғалімі азғындық жасады деген шағымнан кейін іс қозғалды
- Биыл БҚО-да су тасқыны бола ма? Мамандар жауап берді
- Қазақстандық блогердің күйеуі сталкиң үшін 25 тәулікке қамалды
- Экс-күйеуінің сұхбаты үшін сотқа жүгінген Дариға Бадықова жеңіліп қалды
- «Қылмыскерді көруге келдіңдер ме?» Нұрлан Сабуров алғашқы концертін берді
- Мұрат Әбділдә түрмеден тіл қатып, ісіне өкінетінін мәлімдеді
- 5-сынып оқушысы мектептегі қысымнан кейін өзіне қол жұмсамақ болды
- «8 келі синтетикалық есірткі алған сәтінде ұсталды». ҰҚК халықаралық есірткі контрабандасы арнасын жойды
- Луврдағы қарақшылық: Мұражайға жаңа басшы тағайындалды
- Зеленский Трамппен нені талқылады?