Сенат ЛГБТ-ны насихаттауға тыйым салатын заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

cover Фото: әлеуметтік желі

Сенат отырысында ЛГБТ насихатына тыйым салатын түзетулер Қазақстан ратификациялаған барлық халықаралық шарттарға сәйкес келетіні айтылды, деп хабарлайды Orda.kz. 

Тыйым жария кеңістік, масс-медиа, телекоммуникация желілері мен онлайн-платформаларға жүреді. Норма балаларды денсаулығы мен дамуына зиян келтіретін ақпараттан қорғауға арналады.

Депутат Руслан Рүстемовтың айтуынша, бұл құжат өскелең ұрпақты «дәстүрлі емес жыныстық қатынастар мен педофилияны насихаттаудан қорғауға» бағытталған.

«Бұл заң қоғамымызға жат құндылықтарды насихаттаудан қорғауды, неке мен отбасы институтын нығайтуға негізделген дәстүрлі отбасылық құндылықтарды ілгерілетуді, балаларды отбасылық құндылықтарды құрметтеу рухында тәрбиелеуді қамтамасыз етеді», — деді Руслан Рүстемов.

Заң жобасы бүгін үзілістен кейін Сенатта екінші оқылымда қаралады.

Айта кетейік, Атырауда ер адамды пәтерде жабылып ұрып кетті.


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар