Семейде қыз зорлап, түрмеге түскен қылмыскер көз жұмды

cover Фото: freepik.com

Семейдегі түрмеде қыз зорлағаны үшін жазасын өтеп жатқан сотталушы қайтыс болды. Ақпаратты Абай облысының қылмыстық-атқару жүйесі департаменті растады, деп хабарлайды Orda.kz. 

Сотталған ер адам абақтының медициналық бөліміне өзін нашар сезініп тұрғанын айтып келген. 

«Тексеруден кейін оған алғашқы көмек көрсетіліп, жедел медициналық жәрдем шақырылды. Алайда қабылданған шараларға қарамастан, сотталған адам ауруханада қайтыс болды», деп хабарлады департамент.

Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің Абай облысындағы департаменті әлеуметтік желіде таралған жалған ақпаратқа қатысты да түсініктеме берді. 

Комитеттің мәліметінше, Семей түрмесінде жазасын өтеп жатқан оншақты адам емес, тек бір адам ғана ауруханаға түскен.

«Абай облысының Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті түрмеде оншақты адамның жаппай ауруханаға түскені туралы ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдейді. Қыз зорлағаны үшін жазасын өтеп жатқан бір адам ауырып, ауруханаға түскен»,  деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, Қырғызстан қазақ пен қырғыз ұлтына тіл тигізген Екатерина Биволды қамауға ордер шығарды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар