Семейде жолдан жүгіріп өткен баланы көлік қақты

cover Фото: freepik.com

Семейде жолдан жүгіріп өткен 7 жасар баланы көлік қағып кетті, деп хабарлайды Orda.kz. 

Абай облыстық ПД мәліметінше, бала аман қалған. Апатты жағдай кеше, 22 қазан күні сағат 12:30-да болған. Селевин көшесінде 7 жасар баланы жолдан жүгіріп өткен кезде көлік қағып кеткен.

«Бағымызға орай, бала жеңіл жарақат алып аман қалды, бірақ жүргізуші жаяу жүргіншіге жол бермегені үшін жауапқа тартылды. Полиция осындай жағдайлардың алдын алу үшін асығыстың қауіптілігін көрсетіп, балаларды қауіпсіз жүріс-тұрысқа үйрететін бейнеүзінді дайындады» делінген хабарламада. 


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар