Семейде қыз зорлап, түрмеге түскен қылмыскер көз жұмды
Фото: freepik.com
Семейдегі түрмеде қыз зорлағаны үшін жазасын өтеп жатқан сотталушы қайтыс болды. Ақпаратты Абай облысының қылмыстық-атқару жүйесі департаменті растады, деп хабарлайды Orda.kz.
Сотталған ер адам абақтының медициналық бөліміне өзін нашар сезініп тұрғанын айтып келген.
«Тексеруден кейін оған алғашқы көмек көрсетіліп, жедел медициналық жәрдем шақырылды. Алайда қабылданған шараларға қарамастан, сотталған адам ауруханада қайтыс болды», деп хабарлады департамент.
Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің Абай облысындағы департаменті әлеуметтік желіде таралған жалған ақпаратқа қатысты да түсініктеме берді.
Комитеттің мәліметінше, Семей түрмесінде жазасын өтеп жатқан оншақты адам емес, тек бір адам ғана ауруханаға түскен.
«Абай облысының Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті түрмеде оншақты адамның жаппай ауруханаға түскені туралы ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдейді. Қыз зорлағаны үшін жазасын өтеп жатқан бір адам ауырып, ауруханаға түскен», деп жазылған хабарламада.
Айта кетейік, Қырғызстан қазақ пен қырғыз ұлтына тіл тигізген Екатерина Биволды қамауға ордер шығарды.
Жаңалықтар
- Ақтауда тұрғын үйдің жертөлесінде газ жарылды
- Сотталған экс-шенеунік Бақытгүл Хаменова Атыраудағы тойда байқалды
- Ресейлік Akmal есімді әншінің Қазақстандағы концерттері өтпейтін болды
- Алматыда теракт жасамақ болған шетел азаматтары ұсталды
- «Күштеп жасатқан»: Екібастұзда даму орталығындағы қыз баланың қолы жарақаттанды
- Санкциялар қысымына ұшыраған «Лукойл» Қазақстандағы активтерін сатпақ
- Семейде қыз зорлап, түрмеге түскен қылмыскер көз жұмды
- Қазақ елі Таиланд пен Камбоджа арасындағы бейбітшілікті қолдады
- Әзірбайжан әскерін Газадағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге көмек ретінде жібермекші
- Қырғызстан аузынан қағынып, опық жеген Екатерина Биволды қамауға ордер шығарды
- Тоқаев Путинмен телефон арқылы тағы да сөйлесті
- Қазақстан БҰҰ-ның Киберқылмысқа қарсы конвенциясына қол қойды
- Ақтөбеде таксиші жаяу жүргіншілер өткелінде жасөспірімді қағып кетті
- «Таза ауа жұтқың келсе - тауға шық»: алматылықтарға арналған жаңа экосаясат
- Тоқаев Нүкеновті ПӘ ішкі саясат бөлімі меңгерушісі қызметінен алып тастады
- Қазақстан спортшысы жасөспірімдер арасында Азиада рекордын орнатты
- Қай қазақстандық клуб 2026/27 маусымындағы еурокубокта ойнайды
- Өскеменде Әлия Молдағұлованың мұралы көрініс тапты
- Астанада өрт сөндірушілер жоғары дәрежелі алапат өртті ауыздықтады
- «Қайрат» қайтадан чемпион!: «Құдайға қалдырдым» — Бабаян