Селфи үшін тоққа түскен: дәрігерлер зардап шеккен жасөспірімнің жағдайын айтты

cover Фото: Pixabay

Электр тоғының соғуынан зардап шеккен жасөспірім ауыр халде ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер баланың 60 пайызын күйік шалған деген диагноз қойды. Алматыда пойыздың төбесінде селфи жасамақ болған сәтсіз әрекеттен кейін ауруханаға түскен жас науқастың қазіргі жағдайы белгілі болды.

Еске салсақ, 27 желтоқсан Алматы вокзалында кәмелетке толмаған үш бала көліктің төбесінде селфи жасамақшы болған. Оларды тоқ соғып, балалардың бірі оқиға орнында көз жұмған. Енді бірі 60 пайыз күйікпен ауруханаға жеткізілген.

«Науқас бізге ауыр халде келді. Негізгі диагноз - электр тогының күйігі. Қазір оның жағдайы бірқалыпты. Терапевт, кардиолог және басқа да медициналық қызметтер тексергеннен кейін мамандандырылған дәрігерлердің бақылауымен балалар ауруханасына ауыстырылды» деді №4 қалалық клиникалық аурухананың травматологы Елдос Әлменов.

Қайғылы оқиғадан кейін ІІМ Көліктегі полиция департаменті жасөспірімдердің өлімі мен жарақатына кінәлілер бас бостандығынан айрылады деп мәлімдеді.

Аталған факті Алматы 1 стансасындағы желілік полиция басқармасының сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне ҚР Қылмыстық кодексінің 344-бабы бойынша тіркелді. Осы бап бойынша кінәлі адам жеті жылға дейін белгілі бір лауазымды атқару не үш жылға бас бостандығынан айрылады.

Көлік полициясы хабарлағандай, тергеу жүріп жатыр.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар