Щучинскідегі өрттен 7 адам қаза тауып, 20-сы зардап шекті

cover Фото: Ақмола облысы ТЖД

Щучинск қаласындағы «Палау орталығы» кафесінде болған жарылысқа қатысты Ақмола облысының әкімдігі жаңартылған мәлімет ұсынды, деп хабарлайды Orda.kz.  

Соңғы деректерге сәйкес, төтенше жағдай салдарынан 7 адам қаза тапты, олардың арасында 16 жастағы қыз бала бар. Бұған дейін Щучинскідегі палау орталығында жарылыстан кейін өрт болып, адам шығыны болғаны хабарланған еді. 

Жедел мәліметтер бойынша, барлығы 26 адам зардап шеккен. 13 адам ауруханаға жатқызылды, ал алтауы амбулаториялық ем қабылдауда.

Өңірлік төтенше жағдайлар департаментінің соңғы ақпаратына сәйкес, бес зардап шегуші Көкшетау қаласындағы көпсалалы облыстық ауруханаға жеткізілді. Тағы екі науқасты тасымалдауға дайындық жүргізілуде.

«Оларға барлық қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Науқастардың жағдайы дәрігерлердің тұрақты бақылауында» деп жазылған хабарламада.

Оқиға орнында облыстық жедел штаб жұмыс істеп жатыр. Оқиғаның себептері анықталуда. Ақмола облысы әкімдігі қаза тапқандар мен зардап шеккендердің отбасыларына қажетті көмек көрсетілетінін мәлумдеді.

Олардың жағдайы медициналық қызметтердің бақылауында. Оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталуда.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар