SCAT әуе компаниясы рейстердің неге жаппай тоқтағанын түсіндірді

cover Фото: SCAT

SCAT Airlines әуе компаниясы күтпеген жағдайға байланысты ұшу кестесін өзгертті. Бірнеше қалада ұшақтар ұшып бара жатқанда құстармен соқтығысып қалды. Ұшақтардың зақымдануына байланысты бірқатар рейстер кешігіп, кесте өзгертілді, деп хабарлайды Orda.kz.

Атап айтқанда, Анталия – Астана рейсінің жолаушылары ұша алмай қалды. Олар үшін қонақүйлерде тұру мерзімі ұзартылды. Ұшу 23 маусымға белгіленген. Сонымен қатар, Ақтөбе – Анталия рейсі де ұшу уақытын өзгертті. Әуежайда күтіп отырған жолаушыларға әуе компаниясының қызметкерлері мен туроператор өкілдері көмек көрсетіп, тамақ берілді. 

«Әуе компаниясы рейстер кестесін аз уақыт ішінде тұрақтандыру үшін барынша күш салды. Жедел түрде резервтік әуе кемелері жіберілді. Сондай-ақ, жоспардан тыс техникалық тексеріс жүргізіліп жатыр», деп хабарлады SCAT компаниясы.

Сондай-ақ, 23 маусымда мына рейстердің де кешігуі мүмкін:

  • Алматы – Шарм-эль-Шейх;
  • Алматы – Анталия;
  • Анталия – Алматы.

Айта кетейік, халықаралық әуе кеңістігіндегі шектеулерге байланысты Астана – Доха рейсі де тоқтатылды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар