Саусақтарын шауып тастаған: белгілі кәсіпкерде 20 жыл құлдықта болған отбасы
Фото: бейнеден кадр
Қызылорда облысы Қазалы ауданы Ақсуат ауылының тұрғындары белгілі кәсіпкерден жылдар бойы қорлық көріп келгенін айтады, деп хабарлайды Orda.kz.
24kz мәліметінше, Қызылорда облысының тұрғыны Қожагелді Жалғасбаевты осыдан 20 жыл бұрын кәсіпкер «жұмыс тауып беремін» деген желеумен бүтін бір отбасын шекарадан алып өтеді. 20 жылдан бері айдалада малын баққызып, қолына көк тиын да ұстатпаған.
«Шекарадан өздері алып өтті мені. Осы жаққа әкеп, мал бақтырып қойды. Сол 20 жыл болды ғой, мал баққаныма бұл жерге. Қанша азап көріп келе жатырмын. Ұрып-соғады, айдалада жатам жаздай. Әйелім бір жақта жүр. Балалар соның жұмысында жүр. Баламның қолын мына жерден шауып тастаған. Балаларды да ұрып-соғады. Үш балам да оқымайды. Мектепке бармаған. Өтірік анықтама алады екен бұлар, оқып жатыр деген. Сауатсыз үшеуі де», дейді Қожагелді Жалғасбаев.
Ал кәсіпкер Шынтас Жалғасбаев әлеуметтік желіге видео жариялап, болған оқиғаны шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.
Қожагелді Жалғасбаевтың айтуынша, үш баласы да құлдықта жүрген жылдары лашықта өмірге келген. Әйелі де, ұл-қыздары да бөтен үйдің малын бағып, қорасын тазалайды.
«Бас бостандығынан заңсыз айыру фактісі бойынша полиция тергеп-тексеру бастады. Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайларын анықтау үшін тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр»,дейді Қазалы АПБ бастығының тергеу жөніндегі орынбасары Қуандық Оразов.
Жаңалықтар
- Арнайы ХҚКО басшылығы жүргізуші куәлігі үшін пара алып, сотты болды
- Наурыздағы бата мен тілек: Дәстүрдің мәні неде?
- Қазақстанда несие беру талаптары жаңартылды
- Бұрынғы шенеунік Жақсылық Омар сотта кінәсін толық мойындады
- Тоқаев Қазақстан халқын Ораза айт мерекесімен құттықтады
- АҚШ Ормуз бұғазын ашу үшін теңіз жаяу әскерін пайдалануы мүмкін
- Атырауда техниканы жалға алып, ломбардқа өткізген екі әйел ұсталды
- Израиль Каспий теңізіндегі әскери-теңіз күштеріне жасаған соққысының видеосын жариялады
- Наурыз мейрамы парсылардан келген бе?
- Мойнымнан қылқындырды: Екі баласынан жәбір көрген әке тың деректерді айтты
- Итті құтқарып қалған: Алматылықтардың ерлігі арт-нысанға айналды
- Шымкентте жасөспірім 5-сынып оқушысын ұрып-соққан видео тарады
- Екібастұзда әкімдік қызметкерлері букмекерлік кеңселерде құмар ойын ойнаған
- Бесқонақ: Қазақ танымындағы құпия бес күн
- Тоқаев жұмыс сапарымен Алматыға келіп, 23 млн долларлық суперкомпьютер кластерімен танысты
- Иранда үкіметке қарсы шеруге қатысқан үш адам дарға асылды
- Алматы облысының тұрғыны алимент төлеу үшін бүйрегін сатпақ болған
- Жамбыл облысында ірі көлемдегі жымқыру күдігімен аурухананың бас дәрігері ұсталды
- Қазақстандықтар наурызда қосымша тағы бір күн демалады
- Шенеунік қамауға алынғанын жасыру үшін аурухана анықтамасын пайдалануға тырысқан