Сатушы қызды өлтіріп кеткен күдікті ұсталды

cover Фото: Pixabay.

Саран қаласында тонау кезінде сатушы қызды өлтірді деген күдікті ұсталды, деп хабарлайды Orda.kz.

22 қаңтар күні Қарағанды облысы Саран қаласында белгісіз адам азық-түлік дүкенінің 27 жастағы сатушысын пышақтап, кассадағы ақшаны ұрлап кеткен. Алған жарақаттарынан әйел оқиға орнында қайтыс болды.

Қарағанды облысының полициясы Саран қаласында дүкен сатушысын өлтірді деген күдікпен 50 жастағы ер адамның ұсталғаны туралы хабарлады.

«Саран қаласының 27 жастағы тұрғынын өлтіру фактісі бойынша жүргізілген жедел іс-шаралар нәтижесінде кешке күдікті ұсталды. Қарағанды облысы ПД тергеу тобы 50 жастағы ер адамды қамауға алды. Тергеу шаралары жалғасуда», деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.

Айта кетейік, қарақшылық шабуылдың бейнежазбасы әлеуметтік желілерде тарады. Ер адам дүкенге кіріп, сатушыға шабуыл жасаған. Әйел қарсылық көрсеткен, бірақ кейін қылмыскер оның ішіне пышақ сұғып, кассадағы ақшаны алып оқиға орнынан қашып кеткен.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар