«Самұрық-Қазына» Боранбаевқа тиесілі болған компанияны сатып алмақшы

cover фото: orda.kz

«Самұрық-Қазына қоры» кезінде сенат экс-төрағасы Дариға Назарбаеваның бұрынғы құдасы Қайрат Боранбаевқа тиесілі болған «АзияГаз Чунджа» ЖШС газ тарату кәсіпорнын сатып алуға ниетті. 

Бұл туралы «QazaqGaz ҰК» АҚ хабарлады.

Қор басшылығы акционерлердің жалпы жиналысында компаниядағы 100 пайыздық үлесті сатып алу мәселесін қарастырады. Сатып алғаннан кейін «QazaqGaz» компаниясының қосымша акцияларын нарыққа шығару және қор нарығына орналастыру жоспарланып жатыр. Меншік құқығы «Самұрық-Қазына» АҚ-ға өткеннен кейін «QazaqGaz ҰК» акционерлік қоғамы нарықта 1000 қарапайым акцияны орналастырады. Бір жәй акция бағасы 9,29 млн теңге тұратын болады.

Бұған дейін Қайрат Боранбаевтың құны 33,75 млрд теңге болатын дүние-мүлкі мемлекет меншігіне өткені хабарланған еді. Оның ішінде «Алмалы» сауда орталығының ғимараты, Unity Hall ЖШС, «Алматы Тауэрс» бизнес орталығы мен Fitnation фитнес клубтар желісі бар. 

Бұған дейін ҚМА Боранбаевтың құны 90 млрд теңгеден асатын активтері заңдастырылып, мемлекеттік органдар мен компаниялардың балансына берілгенін мәлімдеген. 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар