Сәлім Нағым «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ аппаратының басшысы қызметіне тағайындалды
Фото: ҚМГ
Сәлім Нағым «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ аппаратының басшысы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Orda.kz.
Нағым Сәлім Жаңабайұлы Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін «Мұнай және газ кен орындарын игеру» мамандығы бойынша тәмамдаған. Сонымен қатар магистратураны Cass Business School, City University of London «Энергетика, сауда және қаржы» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2005 жылы Agip North Caspian Company N.V. зауытының операторы болып бастаған. Әр жылдары «ҚазРосГаз», «ҚазТрансГаз», «Өріктау Оперейтинг», «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мұнай-газ компанияларында, сондай-ақ ҚР Энергетика министрлігінің газ және мұнай-газ химиясы департаментінің директоры болып жұмыс істеді.
Бұл тағайындауға дейін «QazaqGaz Aimaq» АҚ бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары лауазымын атқарып келді.
Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі.
«QazaqGaz» ұлттық компаниясы үнемі ішкі тарифтің зияны жайлы мәселе көтеріп, миллиардтаған теңгені газ төлейтін кәдімгі түбіртектерді басып шығаруға жұмсаймыз деген желеумен алып келеді.
Айта кетейік, бұған дейін олардың газ желілерін дамыту мен жөндеудің орнына жылдар бойы еншілес кәсіпорындарға осы үшін сегіз есе көп қаражат бөліп келгені белгілі болды. Orda.kz порталының зерттеу бөлімі Қайрат Шәріпбаевтың (Нұрсұлтан Назарбаевтың күйеу баласы, Дариға Назарбаеваның жары) күдікті істерін ашты. Бұл тіпті оларға қазірдің өзінде табыс әкеліп жатқан «қайнар бұлақ» болуы мүмкін.
Жаңалықтар
- Мемлекет басшысына жаңа Конституцияның қорытынды жобасы таныстырылды
- Жаңа Конституция жобасы референдумға шығаруға дайын
- «Ауыр миокард инфаркті мен диабет»: Сара Назарбаеваның жағдайы белгілі болды
- Нұрлан Сабуров сотталуы мүмкін бе?: Заңгер пікірі
- Үкіметтің кеңейтілген отырысындағы президент сынынан кейін Бектенов үкіметке бірқатар тапсырма берді
- Газбен жүретін көліктерге қатысты тағы бір тыйым ұсынылды
- Ораза кестесі 2026: қай уақытта ауыз бекітіп, қай уақытта ауыз ашамыз?
- Алматыда бірнеше күдікті адам ұрлап бара жатқан жерінде ұсталды
- Газбен жүретін көліктер мен газ құю бекеттеріне жаңа шектеу енгізіледі
- Қожамұратова ісі: сотта 49 жәбірленушінің жауабы оқылып, 56 том құжат жарияланды
- Литва Ресей мен Беларуське жиі баратын ресейліктерді ықтиярхатынан айырып жатыр
- Мемлекет басшысы Иран президентін Ислам революциясы күнімен құттықтады
- Зеленский әуе қорғанысы жүйесін түбегейлі өзгертуге кірісті
- Алматы облысында интернет-казино ұйымдастырғандарға халықаралық іздеу салынды
- «Жалақысын бермеген»: СҚО-да фермерді өлтірген жұмысшыға үкім шықты
- Канададағы мектепте атыс болып 10 адам ажал құшты
- Көші-қон: Былтыр елімізге қанша адам көшіп келді?
- Семейде сәбиді қоқыс жәшігіне тастаған күдіктілер әлі қамалмаған
- Кеңейтілген отырыс: Үкімет пен шенеуніктерге берілген соңғы ескерту ме?
- Ердоған өз орнына ұлын дайындап жатыр — Bloomberg