Сағын сындыру үшін жасалған әрекет: Заңгер Әділетхан Молдаханның інісі мәлімдеме жасады
Фото: Orda.kz
Ұсталған белгілі заңгер Әділетхан Молдаханның інісі Әзімхан Молдахан мәлімдеме жасап, көпшіліктен араша түсуді өтінді. Ол ағасына тағылған айыптарды толықтай жоққа шығарып, мұны оның сағын сындыру үшін жасалған әрекет деп бағалады, деп хабарлайды Orda.kz.
Оның айтуынша, заңгердің үстінен екі бірдей қылмыстық бап бойынша іс қозғалған. Біріншісі — қазақ қыздарына тіл тигізген ресейлік блогерлердің дауына қатысты 174-бап (ұлтаралық араздық қоздыру). Екіншісі — әл-Фараби даңғылындағы жол апатына қатысты 274-бап (жалған ақпарат тарату). Әзімхан ағасының Алматыдағы апат туралы айтқандары айнымас шындық екенін, сол себепті бұл оны темір торға жабуға негіз болмауы тиіс екенін қадап айтты.
Еске салсақ, бұған дейін Әділетхан Молдахан Алматыдағы жантүршігерлік апатқа қалалық полиция басшысы орынбасарының қатысы болуы мүмкін екенін айтып, дабыл қаққан еді.
Ол сол түні бірнеше көліктің Достық даңғылынан бастап заңсыз жарыс ұйымдастырып, сағатына 250 шақырым жылдамдықпен жүйткігенін, олардың арасында жалған нөмір таққан шенділердің көлігі болғанын ашық мәлімдеген болатын.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- Сағын сындыру үшін жасалған әрекет: Заңгер Әділетхан Молдаханның інісі мәлімдеме жасады
- Жетісулықтар тағы бір жер асты дүмпуін сезді
- Бес әнімнің ақысын бермеді деген композиторға әншінің өзі арыз жазды
- Ұсталған Әділетхан Молдахан туралы не белгілі?
- Сәуірден бастап бақылау күшейеді: аударымдар да назарда
- Елімізде пойыз қозғалысын реттеуде Starlink спутник жүйесі қолданылады
- Баян Алагөзова: Радикализм, «Алтын Ханым» және әл-Фарабидегі апаттар
- Жетісу облысында магнитудасы 5,4-ке тең жер сілкінісі болды
- Алматыда әр бесінші мопед тіркелген: Курьерлік қызметтер мотокөлікті көбейтіп жіберді
- Алматы облысында автобус пойызбен соқтығысты: зардап шеккендердің жағдайы қандай?
- Елімізде 400-ден аса жеке емшара кабинеті лицензиясыз қызмет көрсеткен
- Санжар Боқаев бұлтартпау шарасымен екі айға қамалды
- Мүлкін иемденгісі келген: Павлодарда әйелін әдейі суға батырып өлтірген ер адам сотталды
- 1-сыныпқа құжат қабылдау мерзімі өзгерді
- Алматыда заңгер Әділетхан Молдаханның ұсталғанын полиция растады
- Израильде өлім жазасы неге бәріне бірдей жүрмейді? Заңға шолу және халықаралық реакция
- Израильде терроризм үшін сотталғандарға өлім жазасын кесетін заң қабылданды
- Сапасыз жолдан көлігіңіз сынса — «ҚазАвтоЖол» ақы төлейді
- Алматыда заңгер Әділетхан Молдахан ұсталды
- Тоқаев ұлттық қауіпсіздік стратегиясы жобасын мақұлдады