Сәтбаевта 5 жасар қызды зорлаған педофилдің үкімі шықты

cover

Сот Сәтбаевта бес жасар қызды зорлаған ерлі зайыптыға сот үкімін шығарды. Бірі өмір бойына, енді бірі 22 жылға бас бостандығынан айырылды.

Бұл туралы Orda.kz хабарлады.

Оқиға 2020 жылы шілдеде орын алған. Сот үкімді кеше 21 маусымда шығарды.

Ол ерлі-зайыптыны «кінәлі» деп таныды. Айыпталушылардың аты-жөні белгісіз.

Негізінде екеуі де өмір бойына бас бостандықтарынан айырылуы керек еді, бірақ заң бойынша әйел адам өмір бойына түрме жазасы берілмейді. Сондықтан, ол 22 жылға сотталды.

– Сот алқасы дауыс беру арқылы айыпталушыларды барлық бап бойынша айыпты деп тапты. Ер адамның қылмысты мас болып жасағаны жазаны ауырлататын жағдай ретінде есепке алынды, - деді соттың баспасөз қызметі.

Еске салсақ, 2020 жылы 23 шілдеде мас күйінде ер адам подъезд алдында кішкентай қызды ұстап алып, үйіне әкелген. Сосын көршісін шақырып, оны екі еркек зорлаған. Әйел балаға белгісіз екпе жасап, ұйықтатып тастаған.   

62 жастағы негізгі айыпталушы сотқа жетпей өзіне қол жұмсаған. Тергеу изоляторында оның өлі денесі табылған.

Бала марқұмның үйінде табылған. Жергілікті тұрғындар педофилді өз бетінше жазаламақ болған. Олар күдіктінің үйін қиратып, оны іздеп полицияға барған. Сонда олар полиция ғимаратын қиратып, 16 көлікті өртеген. Салдарынан 14 тұрғын мен 50 полицей зардап шеккен.

Тәртіпсіздік үшін қылмыстық іс қозғалып, 9 адам үш жылға түрмеге қамалған. 44 адам төрт жыл, 2 адам бір жарым жыл шартты жаза алды. Сонымен қатар, іс бойынша екі адамға іздеу жарияланған.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар