Сұлтанов қымбатшылықпен күреске кірісті. Жағдай оңала ма?

cover

Халыққа есеп беру кезінде ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Қазақстаннан қандай өнімдер және қанша мөлшерде экспортталатыны туралы айтты.

Бұл туралы Orda.kz хабарлады.

– Карантин шектеулері мен өнім жеткізудегі кемшіліктер азық-түлік емес тауарларға сұраныстың 20 пайызға жуық төмендеуіне әкелді. Сонымен қатар, локдаун ауыл шаруашылығы тауарларының саудасына айтарлықтай әсер етпеді, - деді министр.

Сұлтановтың айтуынша, әлем елдері негізгі азық-түлік өнімдерін жаппай сатып ала бастаған. Соның арқасында ауыл шараушылығы тауарларының экспорты 18,1 пайызға артқан.

– Ішкі нарықтың тұрақтылығы мен экспорттық тиісті көлемін қамтамасыз ету үшін көршілес елдермен форвардты шарттарды бекітуді жоспарлап отырмыз. Осы орайда картоп, пияз, сәбіз бен қырыққабаты тиісті кезеңде және өнім жинау мерзімінде өзара жеткізу бойынша келісімді бекітпекпіз. Өнімді жаппай жинау кезеңінде көршілес елдерге 765 мың тоннаға жуық көкөніс жеткізе аламыз. Сонымен қатар, біздің нарық ерте пісетін 280 мың тонна көкөніспен уақтылы қамтамасыз етіледі, - деді Бақыт Сұлтанов.

Аталған өнімдер бағасы тек 7-10 пайызға құбылуы мүмкін.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар