Роза Рымбаеваның концерті үшін мұғалімдер мектеп директорына шағымданды

cover Бейнажазбадағы кадрдан үзінді

Маңғыстау облысында аудан мектебінің мұғалімдері директорды қызмет бабын асыра пайдаланды деп айыптап, жұмыстан шығаруды талап етті, деп хабарлайды Orda.kz порталы Lada.kz басылымына сілтеме жасап.

Облыс әкімдігінің чатында Мұнайлы ауданындағы №10 мектеп қызметкерлерінің бейнеүндеуі пайда болды. Мұғалімдердің айтуынша, директор оларға үнемі қысым көрсетіп, қазақ өнерпаздарының концертіне билет алуға мәжбүрлейді. Мұғалімдер басшылықтың әрекетін жемқорлық деп атады.

«Біз білім бөлімінің басшысына, Мұнайлы аудандық прокуратурасына және Білім министрлігіне хабарластық. Ешқандай жауап алған жоқпыз. Ұжымдық хатымыз қанағаттандырылмады. Бізге сіздердің қолдауларыңыз қажет», – деген ұстаздар Мемлекет басшысына жүгінді. 

Мектеп директоры Күмісай Қансұлтанқызы өзіне тағылған айыптардың барлығын жоққа шығарады. Ол тек халық әртісі Роза Рымбаеваның тегін концертіне баруды ұсынғанын айтады.

«Мен қызметке тағайындалған күннен бастап өз міндетімді адал атқарып келемін. Оларды Роза Рымбаеваның концертіне баруға ешкім мәжбүрлеген жоқ. Мен оларға ешқандай қысым көрсетпеймін. Барлығы тек нормаға, заңға сәйкес. Керісінше, олар менің жұмысымды орындауға кедергі жасайды», – деп бөлісті білім беру мекемесінің директоры. 

Күмісай Қансұлтанқызы өзі келгенге дейін орта арнаулы білімді ұстаздар жоғары білім деңгейіне сай жалақы алғанын алға тартады. Ол мұны құжатты тексеру кезінде анықтаған.

Бейнеүндеуді толық Orda.kz телеграм каналынан көре аласыз.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар