Ресейге қашқан қазақстандық сепаратисті Украинадағы соғысқа жіберді
Фото: Orda.kz
Ресейге қарай шекараны заңсыз кесіп өткені үшін сотталған Қазақстан азаматын Украинадағы соғысқа жіберді, деп хабарлайды Orda.kz.
Ресейлік Ura.ru ақпарат агенттігі құқық қорғау органдарындағы дереккөздеріне сүйене отырып, Қазақстан азаматы Курган облысында Ресей шекарасын заңсыз кесіп өткені үшін бір жыл үш айға қоныс колониясына қамалғанын хабарлады. Кейін ол сол жерден майданға аттанған.
Сол агенттік бұған дейін Курган облысының шекарасын екі Қазақстан азаматы заңсыз кесіп өткенін жазған еді. Олар көмір тиелген жүк вагонына мініп, тығылып өткен. Өз сөздеріне қарағанда, Қазақстанда оларды сепаратизм үшін қылмыстық қудалау күтіп тұрған. Ресей құқық қорғау органдарының мәліметінше, сол екі адамның біреуі қазір Ресей әскері қатарында қызмет етіп жүр, ал екіншісінің тағдыры белгісіз.
«Орда» редакциясы Қазақстан азаматтарын елге қайтарып алу мәселесі бойынша ҚР Бас прокуратурасына сұрау жолдайды.
«Орда» редакциясы Украинадағы соғысқа қазақтар қалай алынатынын жазған болатын.
Бұған дейін Orda.kz редакциясы Ресейдегі қазақтарға хабарласып олардың тұрмысы жайлы сұрастырып, мақала жариялаған еді. Жасыратыны жоқ, Ресейде тұратын қазақтардың арасында да соғысқа аттарғандар көп.
Жаңалықтар
- Израиль Каспий теңізіндегі әскери-теңіз күштеріне жасаған соққысының видеосын жариялады
- Наурыз мейрамы парсылардан келген бе?
- Мойнымнан қылқындырды: Екі баласынан жәбір көрген әке тың деректерді айтты
- Итті құтқарып қалған: Алматылықтардың ерлігі арт-нысанға айналды
- Шымкентте жасөспірім 5-сынып оқушысын ұрып-соққан видео тарады
- Екібастұзда әкімдік қызметкерлері букмекерлік кеңселерде құмар ойын ойнаған
- Бесқонақ: Қазақ танымындағы құпия бес күн
- Тоқаев жұмыс сапарымен Алматыға келіп, 23 млн долларлық суперкомпьютер кластерімен танысты
- Иранда үкіметке қарсы шеруге қатысқан үш адам дарға асылды
- Алматы облысының тұрғыны алимент төлеу үшін бүйрегін сатпақ болған
- Жамбыл облысында ірі көлемдегі жымқыру күдігімен аурухананың бас дәрігері ұсталды
- Қазақстандықтар наурызда қосымша тағы бір күн демалады
- Шенеунік қамауға алынғанын жасыру үшін аурухана анықтамасын пайдалануға тырысқан
- Түрікменстаннан келген студент Алматыда босанып, баласын тастап кетуге тырысқан
- Трамп Тоқаевты Майамиге шақырды
- Ғабиден Мұстафин: индустрия дәуірін жазған қаламгер
- Ұлдары әкесін ұрып-соғып келген: Жетісу облысында жанжал айлар бойы жалғасып жатыр
- Израиль Каспий теңізі аймағындағы Иран нысандарына шабуылдады
- Таяу Шығыстағы жағдай: Трамптың мың құбылуы мен жоғары лауазымды тұлғалардың өлімі
- Сауд Арабиясы: Иранға деген сенім жойылды