Ресейдегі Мемлекеттік Думада депутат Нұрлан Сабуровтың сөзін сөйледі

cover Фото: ЧБД жобасынан үзінді

Ресейлік депутаттар Нұрлан Сабуровтың Ресейге кірмеуіне наразылық білдірді, деп хабарлайды Orda.kz.

Мемлекеттік Думаның депутаты Владислав Даванковтың сөзінше, Сабуров бұндай жазаға лайық емес. Ол бұл шешімнің дұрыстығын тексеруге шақырды. Ол тергеу қорытындысы бойынша әзілкештің әрі қарай Ресейде өмір сүріп, жұмыс істеуін жалғастыруы үшін шешім қабылданатынына үміттенетінін айтты.

Тағы бір Мемлекеттік Думаның депутаты Александр Шолохов істің анық қанығына жету керектігін айтты. Өйткені қазір ол туралы көптеген қауесет тарап жатыр.

«Мен кез келген нәрсеге әзілдей беретін әзілкештерді ресейлік мәдениеттің бір бөлігі деп санамаймын. Ал мәселенің өзіне келетін болсақ, мен оның не үшін Ресейден 50 жылға шеттетілгенін білмеймін. Қазір ол туралы көптеген қауесет тарап жатыр», - деді Шолохов.

Бұған дейін ресейлік журналист Ксения Собчак та Нұрлан Сабуров оқиғасына қатысты пікір білдірген болатын.

«Ол мені қалай атағанында тұрған не бар? Мен өз қалаулары үшін бір-бірін мақтап немесе бір-бірін түтіп жейтіндерді жек көремін. Біз дұшпан болуымыз мүмкін, бірақ Нұрланға жасалып жатқан дүние абсурд деп есептеймін» деп жазды Ксения Собчак өзінің  Telegram арнасында.

Айта кетейік, Нұрлан Сабуров Мәскеудегі әуежайда ұсталып, 50 жылға Ресейге кіре алмайтыны туралы ақпарат тараған еді. Ол 60 млн теңгесін заңдастыруға тырысқан. Кейін Ресей азаматтығынан бас тартып, ол Алматыға үшып келді.

Оқи отырыңыз:



Жаңалықтар

барлық жаңалықтар