Ресейде тағы бір қазақстандықты «мемлекетке опасыздық жасады» деп 17 жылға соттады
Фото: Elements Envanto
Ресейде тағы бір қазақстандықты мемлекетке опасыздық жасады деп айыптап соттады. Бұл осы айда сотталған екінші қазақстандық, деп хабарлайды Orda.kz.
ТАСС басылымының мәліметіне қарасақ, ол бір террористік ұйымға көмектескен.
Осылайша екінші Батыс әскери округтік соты Ресей азаматтығын алған, 47 жастағы қазақстандық Пётр Горбуновқа үкім шығарды. Оған Ресей Қылмыстық кодексінің үш бабы бойынша айып тағылды: 275-бап – «Мемлекетке опасыздық», 205.5-баптың 2-бөлігі – «Террористік ұйымның қызметіне қатысу» және 222.1-баптың 4-бөлігі – «Жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау».
Тергеу нұсқасына қарасақ, Горбунов террористік ұйыммен байланыс орнатып, олардың тапсырмасы бойынша орман ішіндегі жасырын жерден жарылғыш затты алып, оны үйінде сақтаған. Кейін ол жарылғышты ұйым мүшелеріне тапсыруы тиіс болған.
«Екінші Батыс әскери округтік сотының үкімімен ол тағылған айыптар бойынша кінәлі деп танылып, 17 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ оған 600 мың рубль көлемінде айыппұл салынды», – деп хабарлады ТАСС Белгород облысы бойынша ФСБ басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қай террористік ұйым туралы айтылып отырғаны мақалада нақты көрсетілмеген. Алайда бұған дейін, маусым айында, ресейлік сот Қазақстан азаматы Тұран Устюговты да терроризм бабымен айыптап, соттаған еді. Ол украиналық «Азов» бригадасы мен «Орыс еріктілер корпусы» өкілдерімен жазысқан хаттары үшін жауапқа тартылған.
Ресейдің террористер мен экстремистер тізіміндегі деректерге сүйенсек, Пётр Горбунов 1977 жылдың 11 шілдесінде Ақмола облысындағы Шортанды кентінде туған. Оның аты бұл тізімге 2025 жылдың 13 ақпанында енгізілген.
Осылайша, Горбунов осы бір айда Ресейде мемлекетке опасыздық жасады деп айыпталып сотталған екінші қазақстандық. Маусым айының соңында дәл осы сот Теміртауда туған Надежда Россинскаяны (лақап аты – Надин Гейслер) 22 жылға бас бостандығынан айырған болатын.
Жаңалықтар
- Қорғаныс министрінің орынбасары тағайындалды
- Курьер сезіктенген: Алматыда шетелдік азамат күмәнді сәлемдеме тапсырыс бергені үшін ұсталды
- Атырауда 21 жастағы жігіт бірнеше сағат бойы қызды азаптап, оны әлеуметтік желіге жариялаған
- Скляр мен Такиев ERG директорлар кеңесіне кірді
- Екі баланың көзінше аналарын өлтірген адам «есі дұрыс емес» деп танылып, жазадан құтылып кетпек
- Алаяқтық жасап, пара беруге арандатқан: Павлодарда адвокат сотталды
- Ресей билігі Тоқаевқа орыс тілі ұйымын құру бастамасы үшін алғыс білдірді
- Атырауда Наурыз бен Мейрамгүлдің жаназасы шықты: Қайын жұртын қырып салған күйеу бала
- Иранда су жаңа жоғарғы жетекші жараланды ма? Президенттің ұлы жауап берді
- Түркістан тұрғыны: «Мені 37 күнге психиатриялық ауруханаға заңсыз қамады»
- Таяу Шығыстан 9517 қазақстандық елге қайтты
- Жас жұбайлар WhatsApp желісі арқылы 100-ден асам адамды алдап келген
- Қостанай облысында интернет-алаяқтарға SIM-карталарын қосып беріп отырған тұрғын ұсталды
- Әзербайжан Иранға гуманитарлық көмек жіберді
- Жетісу облысында құтқарушы қызмет барысында қаза тапты
- Жемқорлықпен күресте туған бауырымды да аямаймын – Жапаров
- Алматыда суррогат ана қытайлықтардан 7,5 млн теңгесін ала алмай жүр: Екі ортада сәби тастанды атанды
- «Балаларымды көрмегеніме бір ай болды». Шымкенттік келіншек кәсіпкерден балаларын ала алмай жүр
- Кәсіпкер Нұрлан Смағұлов пен Айдын Рахымбаев әлемдік миллиардерлер тізіміне енді
- Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионы атағынан айырылды