Ресей билігі Тоқаевқа орыс тілі ұйымын құру бастамасы үшін алғыс білдірді

cover Фото: Игорь Улитин, Orda.kz

Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров Орыс тілі жөніндегі халықаралық ұйымның алғашқы министрлік конференциясында сөз сөйледі, деп хабарлайды Orda.kz.

Sputnik.kz мәліметінше, Лавров Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа ұйымды құру бастамасы үшін алғыс бідірді. Бұл ұсынысты мемлекет басшысы 2021 жылы Владимир Путинмен кездесуі кезінде көтерген. Лавров 

«Ресей Федерациясы атынан Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа тағы да шынайы алғысымды білдіргім келеді. Ол 2021 жылдың желтоқсанында орыс тілін ілгерілетуге бағытталған халықаралық ұйым құру бастамасын көтерді», – деді Лавров.

Конференция қатысушыларына жолдаған жеделхатында Ресей президенті Владимир Путин де бұл ұйым Қазақстан президентінің бастамасымен құрылғанын еске салды. Оның айтуынша, ұйымның жұмысы Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстанның қолдауымен басталды.

Путин орыс тілі ортақ мәдени мұра екенін айтып, оны дамытудағы ынтымақтастық өзара құрмет пен тату көршілік қағидаттарына негізделуі тиіс екенін атап өтті. Іс-шараға Қазақстан атынан ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Қабенова қатысты. Ол Қазақстанда орыс тілі білім беру, ғылым және халықаралық ғылыми жобаларда кеңінен қолданылатынын айтты.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар