Ресей әншісі Юрий Шевчук Астанада өткен концертінде Навальныйға арнап ән айтты
Фото: Ашық дереккөзден
18 ақпанда Ресей әншісі Юрий Шевчук Астанада өткізген концертінде «Еркіндік» деп аталатын танымал әнін Алексей Навальныйды еске алуға арнады, деп хабарлайды Orda.kz порталы.
"Күн шығады. Ресейліктерге еркіндік туралы айтып жүрген Алексей Навальный өлді. Ол еркіндік туралы айта жүріп, шын мәніндегі еркіндікте өмір сүре алатынымызды ұдайы еске салатын. Ол еркіндіксіз сенім - фанатизм, еркіндіксіз еңбек - арзан, ауыр құлдық, еркіндіксіз махаббат – деспотия, еркіндіксіз ештеңе болмайды дейтін",- деді ол ән айтар алдында.
Шевчук бұған дейін де Ресей саяси тұтқындарын, соның ішінде Алексей Навальныйды әлденеше рет қолдап сөйлеген болатын.
Ресей Украинаға жаппай басып кірген соң Шевчук Владимир Путинді жұрт алдында сынаған. Ал осыдан кейін оның Ресейдегі барлық концерті тоқтатылып, «Ресей қарулы күштеріне кір келтіргені үшін» өзіне айыппұл салынған.
16 ақпанда Ресей түрмесінде оппозиционер Алексей Навальный қайтыс болды. «Тергеу комитеті тексереді» деген желеумен Навальныйдың денесін әзірге туыстарына бермеген. Оппозиционердің жақтастары «Навальныйды өлтірді» деп есептейді.
Жаңалықтар
- Таразда автобус жүргізушісі жолаушымен болған жанжал кезінде пышақ жарақатын алды
- Вьетнамда жоғалған Әсем Әубәкір табылды
- Николас Мадуро түрмеде отырып халқына ерекше хат жолдады
- Индонезияда қоқыс полигоны опырылып, жеті адам қаза тапты
- Қарағанды тұрғындарына 3,1 миллиард теңгеден астам қаражат қайтарылады
- Эвакуация басталғалы Таяу Шығыстан 8585 қазақстандық елге қайтарылды
- Ормуз бұғазы арқылы бір литр де мұнай өтпейді — Иран
- Астанада ауа райы қолайсыз: Кейбір оқушылар қашықтан оқуға көшірілді
- АҚШ Ауғанстанды заңсыз қамауларды қолдайтын мемлекет деп таныды
- Демалыс күндері Таяу Шығыста не болды: Ирандағы соғыс, мұнай бағасының шарықтауы
- Трамп: АҚШ Иранға жасалатын соққы қарқынын 20 есе арттыруы мүмкін
- Қырғызстанда мектеп маңында зиян тағам сатуға тыйым салынады
- Тегеран Түркия, Әзербайжан және Кипрге шабуыл жасамаған — Иран СІМ
- 2430 жылға сотталуы мүмкін: Стамбұлдың экс-мэріне қатысты сот басталды
- Ирандағы «мұнай аралас жаңбыр»: ДДҰ дабыл қақты
- Атырауда Жангелдин ауылының жоғалып кеткен екі тұрғынының мәйіті табылды
- Қазақстанның үздік теннисшісі турнирдің ширек финалына шықты
- «Қышқыл бұлттар» пайда болғаны туралы ақпарат жалған
- Дауыс беру кезінде «өшіп кететін сия» туралы бейнеге ОКҚ түсініктеме берді
- Ұлттық банк төрағасы Қазақстандағы инфляцияның үдеу қаупі туралы айтты