Референдумға арналған бюллетень үлгісі жарияланды

cover Фото: gov.kz

Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы референдумға арналған дауыс беру бюллетені нысанын бекітті, деп хабарлайды Orda.kz.

Комиссия отырысында 15 наурызда өтетін дауыс беруге арналған бюллетень үлгісі таныстырылды. Құжатта бір ғана сұрақ: «Сіз Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдайсыз ба?».


Жауаптың екі нұсқасы қарастырылған: «Иә, қабылдаймын» және «Жоқ, қабылдамаймын».

Еске сала кетейік, Мемлекет басшысы 2026 жылы 15 наурызда республикалық референдум өткізу туралы жарлыққа қол қойды.

Оқи отырыңыздар:

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар