Референдум: Бостандық ауданы тұрғындарының дауыс беруге белсенділігі байқалмады

cover Коллаж: Orda.kz

Алматы қаласы Бостандық ауданының тұрғындары дауыс беруге асығар емес. Жаңа Конституция жобасына қатысты референдумда дауыс беру басталды. Orda.kz тілшісі үш сайлау учаскесінде болып, тұрғындардың белсенділігін бақылауда.

Бостандық ауданындағы №555 сайлау учаскесінде таңертеңнен бері небәрі тоғыз адам дауыс берген. Комиссия төрағасының айтуынша, қала тұрғындары әдетте асықпай, түстен кейін көбірек келетін көрінеді.

Комиссия мүшесі Найля Сүлейманова дауыс беруге дайындық таңғы алтыда басталып, ал процесс сағат жетіде мемлекеттік әнұранмен ашылғанын айтты.

«Әрбір адам келіп дауыс беруі керек деп ойлаймын, себебі бұл – кез келген қазақстандықтың азаматтық борышы. Әзірге біздің учаскеде адамдар аз. Меніңше, түстен кейін көбейеді. Дауыс беру қалыпты өтіп жатыр», – деді комиссия мүшесі.

Ал №232 учаскеде 30-ға жуық адам дауыс беріп үлгерген. Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясының жатақханасында орналасқан №239 учаскеде шамамен 50 адам дауыс берген. Ондағы комиссия төрағасының айтуынша, бұл учаскеде негізінен студенттер дауыс беруі тиіс. Алайда таңертеңнен бері маңайдағы тұрғындар келіп жатыр. Студенттер түстен кейін келуі мүмкін.

Әдетте әр учаскеде жеті комиссия мүшесі жұмыс істейді. Олар дауыс беру процесін бақылап, мүмкін болатын заңбұзушылықтарды тіркейді.

Orda.kz тілшісі барған учаскелерде комиссия төрағалары әзірге ешқандай заңбұзушылық немесе дауыс берушілер тарапынан наразылық болмағанын айтты.

Дауыс беруге келген тұрғындар азаматтық борышын орындауға келгендерін айтып, қысқа жауап берді. Олар бюллетеньді толтырып, дауыс беріп, өз шаруалырымен кетіп жатты.

Оқи отырыңыз:


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар