Қарағандылық полицей кенеттен жұмыс орнында көз жұмды 

cover

Қарағандыда полиция қызметкері қызмет атқару кезінде учаскелік полиция пунктінде қайтыс болды. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі жариялады.

Ақпаратқа сүйенсек, полиция учаскелік пункттерінің бірінде сағат 14:40 шамасында жұмыс орнында болған полиция капитаны кенеттен өзін нашар сезінген. Көп ұзамай полиция қызметкері қайтыс болған.
Оқиғаға байланысты Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі түсініктеме берді.

«Учаскелік полиция инспекторы, капитан Ұлан Маратұлы Имашев кенеттен қайтыс болды. Дәрігерлер жүрегі тоқтап қалғанын айтады.

Қарағанды облысы полиция департаментінің басшылығы, ардагерлер кеңесі және жеке құрамы қайтыс болған адамның туыстары мен жақындарына көңіл айтады» делінге ПД жазбасында.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар